Жамбыл облысында 2025 жылы ауыл шаруашылығы санағын өткізуге дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңірдегі ауыл шаруашылығының жай-күйіне және нақты көрінісіне толық көз жеткізу үшін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары жалғасуда. Ветеринария басқармасының басшысы Бақыт Бетбаевтың айтуынша, сиыр, ешкі, қой, түйе сияқты малдар мемлекет есебінен тегін бірдейлендіру жалғаспақ.
Жылқыларды чиптеу иесінің есебінен жүзеге асырылады. Бұрын бұл қызметтің құны 1 200 теңгені құраған. Бүгінде баға 350 теңгеге дейін төмендеді. Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасы бойынша жүргізілген белсенді түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде шаруалар таңбалаудың электрондық тәсілін қолдады.
Жақында Меркі ауданындағы «Ар-Ас» шаруа қожалығы 350 бас жылқыға чип енгізді.
Чиптердің арқасында біз енді малдың барлық мәліметтерін біліп, жылқылардың қозғалысын бақылайтын боламыз, - деді шаруашылық басшысы Арнас Есбаев.