Жамбыл облысында жайылым жер тапшы

25 Мамыр 2023, 13:12 1166

Жамбыл облысында 683,6 мың гектар жайылым жер тапшы. Бұл туралы облыс әкімі Нұржан Нұржігітов мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аймақ басшысы облыста жайылым жер мәселесі  2021 жылдан бері қолға алынып, 5 бағытта жұмыстар жүргізіліп жатқандығын айтты.

Облыста жалпы, 683,6 мың гектар жетіспейтін жайылым жерлер анықталған болатын. Мәселен, босалқы жер қорындағы және қайтарылған жайылымды елді мекендерге бекіту арқылы 363 мың гектардан 741 мың гектарға ұлғайттық, – деді аймақ басшысы.

Әкімнің сөзінше елді мекеннен 5 шақырымдық радиуста орналасқан 49,2 мың гектар жайылым жер елді мекендерге бекітілген.

Орман қорының 1 миллион 80 мың гектар жеріне мал басы көп тұрғындардың 245 мың мал басы шығарылды. Шаруа қожалықтарының жерлеріне кедергісіз мал жаюға 510 мың гектарға меморандум жасалып, игерілмеген 379 мың гектар жайылым жер мемлекет меншігіне қайтарылды, – дейді.

Нәтижесінде, жетіспейтін жайылым жерлердің көлемі 683,6 мың гектардан 164 мың гектарға қысқарғаны белгілі болды.

Биыл жоспарға сәйкес 200 мың гектар игерілмеген, заңсыз берілген жайылым жерлерді қайтару және 69,3 мың гектарды елді мекендерге жайылым жер ретінде қосу міндеті тұр, – деп тілге тиек етті облыс әкімі Нұржігітов.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: