Жамбыл облысында ТЖМ филиалының басшысы ұсталды

16 Қыркүйек, 13:10 493

«Жамбыл облысы бойынша ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы» ММ филиалы басшысының міндетін уақытша атқарушы сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Антикор мәліметінше, 10 қыркүйекте №2 Тараз қалалық сотының үкімімен «Жамбыл облысы бойынша ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы» ММ филиалы басшысының міндетін уақытша атқарушы А.О. Махашева және осы филиалдың кадрлар жөніндегі инспекторы Л.Т. Қалмұратова сотталды.

Олар пара алғаны үшін айыпталған.

Олар фельдшер ретінде жұмысқа орналастыру үшін жеке тұлғадан айтарлықтай мөлшерде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Оларға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда өмір бойы қызмет атқару құқығынан айыра отырып, тиісінше 4 және 3,6 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 74-бабының 1-бөлігі негізінде жазаны өтеу мерзімі кәмелетке толмаған балалардың болуына байланысты 4 жылға кейінге қалдырылды, - делінген мәліметте.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: