Жамбыл облысында суармалы жер мәселесі өткір тұр - сенатор

27 Шілде 2023, 06:28 1046

Парламент Сенатының депутаты Бекболат Орынбеков Жамбыл облысындағы Жамбыл ауданында болды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Сенатор Тастөбе ауылындағы «Қызылдихан» өндірістік кооперативінің жұмысымен танысты. Бұл кооператив ауылдың 500-ге жуық тұрғынын жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Сенатор аймақтағы су арналарының жұмысынан хабардар болды. Бекболат Орынбеков өңірдегі суармалы жерлер мәселесі өткір екенін айта келіп, суару техникасын уақытылы және сапалы жөндеу жүргізу облыстың дамуына жаңа серпін беретінін атап өтті.

«Қазіргі уақытта Сенат депутаттары еліміздің өмірінде ерекше орын алатын аса маңызды заңдарды қабылдады. Енді қабылданатын заңдардың сапасын арттыру мақсатында шалғайдағы ауылдық аудандардағы қарапайым тұрғындармен де пікір алмасамыз. Аудан тұрғындарының ұсыныстарын ескере отырып қабылдағанда ғана заң сапалы болады», - деп атап өтті депутат.

Сенатор сапар барысында Мойынқұм, Талас, Байзақ аудандарында және Тараз қаласында болып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады және халықпен кездесті.

Берік Арманов
Бөлісу: