Жамбыл облысында салық төлеуден жалтарған мекеме басшысы сотталды

14 Қараша 2022, 17:15 1291

Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігінен мәлім етті

ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаменті «АНК-Энерго» ЖШС директоры Түлкібаев Б.Т.-ға қатысты 601,5 млн теңгеге жуық сомаға бюджетке салық төлеуден жалтару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді, деп хабарлайды El.kz

Нәтижесінде сот үкімімен Түлкібаев Б.Т. кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ЖШС-нің 285,8 млн теңге мүлкіне тыйым салынды.

EL.KZ
Бөлісу: