Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт гибридті электр станциясы салынады

22 Қараша 2023, 12:30 1269

Мәжіліс Қазақстан мен Франция Үкіметтері арасындағы жаһандық жылынуға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты іске асыру туралы арнайы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Келісімнің мақсаты – Қазақстан аумағында жаңартылатын энергия көздері, орнықты даму саласындағы ірі жобаларды ілгерілету.

Құжат 2022 жылы қарашада Парижде жасалды. Келісімге сәйкес Жамбыл облысы Мирный кентінің маңында жалпы қуаты 1 ГВт гибридті жел электр станциясы жобасын салу жоспарлануда. Бұл жыл сайынғы көмірқышқыл газының шығарындыларын кемінде 2 млн тоннаға қысқартуға мүмкіндік береді7

Барлық баламалы энергия көздерінің басты артықшылығы – олардың экологиялық тазалығы. Басқаша айтқанда, мұндай станциялардың жұмысы кезінде қоршаған атмосфераға зиянды шығарындылар болмайды. Тіпті жел немесе кез келген басқа балама электр станциясындағы авария оның иелерінің материалдық шығындарына әкеледі, бірақ жаһандық экологиялық аварияға себеп болмайды. Энергия жүйесінің қауіпсіз және орнықты жұмысын қамтамасыз ету үшін жобаны іске асыру шеңберінде электр энергиясын сақтау жөніндегі тетікті іске асыратын болады, - деді энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

Сондай-ақ Мирный жобасы аясында 250-ге дейін тұрақты жұмыс орны, 2500 уақытша жұмыс орны құрылады. Шамамен 820 млрд теңге инвестиция тартылып, қосымша 3600 млрд кВт/сағ «жасыл» энергия өндірілетін болады.

Миражан Махан
Бөлісу: