Жамбыл облысында қой ұрлаған 21 жастағы азамат қолға түсті

27 Қазан 2023, 14:21 789

Жамбыл облысында қой ұрлаған 21 жастағы азамат қолға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, 25 қазанда Жамбыл ауданының 46 жастағы тұрғыны полиция бөліміне мал ұрлығы туралы арызбен жүгінді. Ер адам бір күн бұрын белгісіз адамның қорасынан 6 қойын ұрлап кеткенін хабарлады. Келтірілген залал көлемі – 300 мың теңге.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-1-бабының 1-бөлігі (Мал ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері 21 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Равиль Ашығали
Бөлісу: