Жамбыл облысында қар құрсауында қалған 21 адам құтқарылды

4 Наурыз, 09:22 314

Жамбыл облысы Жуалы ауданы «Б.Момышұлы-Көлтоған-Қошқарата-Қызтоған» автожолының Күреңбел ауылының маңында, сондай-ақ Ертай ауылының жанында 5 жеңіл көлік қар құрсауында қалып койды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көлікте 21 адам, оның ішінде 3 бала болды.

ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына жол талғамайтын көлікпен жедел келіп, құтқарылғандарды Күреңбел ауылына эвакуациялады. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ.

Дауылды ескертулер туралы хабарламаларды назардан тыс қалдырмаңыз және алыс жолға шығар алдында барлық қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар, – делінген ТЖМ хабарламасында.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: