Жамбыл облысында полиция қызметкері қаза тапты

Бүгiн, 10:09 228

Патрульдік полиция батальонының инспекторы, полиция аға лейтенанты Нұржан Дунбаев қызметтік міндеттерін атқару кезінде көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов марқұмның жақындарына көңіл айтты.

Қызметтік міндеттерін атқару кезінде ЖКО-да қаза тапқан Жамбыл облысы Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының инспекторы, полиция аға лейтенанты Нұржан Дунбаевтың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Оның есімі әріптестерінің жадында мәңгі қалады, - деп жазды министр.

Ішкі істер министрлігі оның отбасына қажетті қолдауды көрсетеді.

Сонымен қатар экипаждың екінші қызметкері патрульдік полиция инспекторы Бекзат Сотаев жарақат алған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: