Жамбыл облысында полицейлер қылмыстық топтың жолын кесті

15 Қараша, 21:42 450

Жамбыл облысында полицейлер қылмыстық топты құрықтау кезіндегі бейнематериалды көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жамбыл облысында полицейлер облыс прокуратурасымен бірлесіп, ұзақ уақыт бойғы жедел жұмыстардың нәтижесінде 6 адамнан тұратын қылмыстық топтың жолын кесті. Күдіктілер Жамбыл облысының Шу ауданынан Алматы қаласына және Алматы облысына гашишті жеткізу каналдарын ұйымдастырған. Ұстау және тінту іс-шаралары бір мезетте Алматы қаласында, Алматы облысында, Жамбыл облысының Шу ауданында өткізілді.

Барлық алты күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тінту кезінде 5 келіден астам “гашиш” және 1 келіден астам “марихуана” тәркіленді. Қазіргі уақытта алдын ала сөз байласу арқылу адамдар тобының есірткі заттарын дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Перизат Саденова
Бөлісу: