Жамбыл облысында өртенген жердің аумағы 300 гектарға жетті

4 Тамыз 2023, 09:45 1005

Жамбыл облысында құрғақ шөп өртініп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ТЖМ мәліметінше, Меркі ауданының Ақтоған ауылынан 20 км жерде «Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» КММ (Аспара-Меркі орман шаруашылығы, 3-4 орамдары) аумағында таулы аумақта құрғақ шөп өртеніп жатыр.

Орман шаруашылығының ақпараты бойынша өрттің алдын ала аумағы 300 гектарды құрайды.

Күрделі рельеф, жетуі қиын жер мен қатты жел өрт сөндіру жұмыстарын қиындатуда, - делінген ҚР ТЖМ таратқан мәліметте.

ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ ЕО-145 тікұшағымен аэровизуалды барлау жүргізілуде.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: