Жамбыл облысында ірі есірткі плантациясы жойылды

11 Шілде, 11:47 632

Жамбыл облысында ірі есірткі плантациясы жойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция қызметкерлері «Қарасора – 2024» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Жамбыл ауданында есірткі өсімдігін заңсыз өсіру дерегін анықтады.  Қарасора, көкнәр сорттарын өсірді деген күдікпен 61 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

Оның үйіндегі бақшадан жалпы салмағы 1520 түп көкнәр өсімдігі, 37 каннабис бұтасы анықталды. Барлығы 100 келіден асатын есірткі тәркіленді, оның ішінде көкнәр – 54 келі,  марихуана – 53 келі.

Ұсталған адам өз кінәсін толығымен мойындады, Жамбыл АПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.  

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: