Жамбыл облысында ер адам ішінде қомақты қаржысы бар джипті ұрлап кеткен

20 Ақпан, 20:32 650

Жамбыл облысының полицейлері өзгенің көлігін де, ақшасын да заңсыз иемденген күдіктіні қолға түсірді. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полиция қызметкерлері Жуалы ауданы шаруа қожалықтарының бірінің ауласында тұрған Toyota Land Cruiser Prado автокөлігін айдап әкетіп, ішінен 1 500 000 теңге ақшасын ұрлаған ер адамды ұстады. 

Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында көлік құралы Тараз қаласынан табылды. 34 жастағы күдікті ақшаны алып, көлікті мөлтек аудандардың бірінің ауласына қалдырып кеткен. Ал қаражатты жеке басының қажеттілігі үшін жаратып үлгерген, - делінген мәліметте.

Ол қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Баян Әжмұхан
Бөлісу: