Жамбыл облысында былтыр 115 спорт нысаны ел игілігіне берілді

Бүгiн, 08:29 142

Жамбыл облысында 2024 жылы 115 спорт нысаны пайдалануға берілсе, соның ішінде 9 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 3 спорт кешені және 103 спорт алаңшасы бар. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат кеңесінде айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық әкімдік мәліметінше, жиында спорт саласында атқарылған жұмыстар мен алдағы мақсат-міндеттер талқыланды.

Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ернар Ибраимовтың хабарлауынша, 2024 жылы 15 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілді. Оның 9-ы қолданысқа беріліп, биыл қалған 6 спорт нысаны табысталады.

​Бұдан бөлек, Тараз қаласы мен аудандарда 103 спорт алаңшасы ел игілігіне тапсырылды. Демеушілердің есебінен 3 ауылдық елді мекенде спорт кешені ашылды, - делінген мәліметте.

​Нәтижесінде облыс халқының спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейі 68,3 пайызды құрады.

​Жалпы облыста 2 353 спорт нысаны бар.

​Биыл 8 жаңа спорт кешенінің құрылысы қарқын алады деп күтілуде.

​Өткен жылы спорт саласының шығындарына 15,8 млрд теңге бөлінсе, биыл 17,6 млрд. теңге қарастырылып отыр.

​Ағымдағы жылы бұқаралық спортты дамытуға 460, 9 млн теңге жұмсалады.

​Бүгінде 28 872 спортшымен 1 195 жаттықтырушы тұрақты түрде жұмыс жүргізуде.

​18 спорт түрі бойынша 6 871 бала (5-17 жас аралығындағы) спорт секцияларына тегін қатысып жүр.

Бұқаралық спорттың дамуына тың серпін беру, тұрғындарды дене шықтыру және спортпен жүйелі айналысуға тарту мақсатында облыста 285 спорт нұсқаушысы жұмыс істейді.

​2024 жылдың қорытындысы бойынша 4 034 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, 363 мың жамбылдық қамтылды.

​503 мың адам немесе облыс халқының 41,2 пайызы спортпен жүйелі түрде шұғылданады.

​Облыс спортшылары 1 797-і медальді қанжығасына байлады (алтын - 658, күміс - 570, қола - 569).

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: