Жамбыл облысында биыл 115 мыңға жуық оқушы мектепте ыстық тамақпен қамтылады

17 Тамыз, 09:00 574

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жаңа оқу жылынан бастап мектеп асханаларына қоғамдық бақылауды күшейтуді тапсырды. Бұл туралы ол білім қызметкерлерінің тамыз кеңесінде айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкімдіктің мәліметінше, жаңа оқу жылында 1-4 сыныптағы 71 230 бала, сондай-ақ жекелеген санаттағы 43 198 оқушы ыстық тамақпен қамтылады.

Дені сау ұрпақ – сапалы ұлттың негізі. Мектеп оқушыларының құнарлы тамақпен қамтылуына ерекше ден қою қажет, – деді облыс әкімі.

Биыл өңірде көпбалалы, аз қамтылған отбасы балаларын ыстық тамақ, киім-кешек, жазғы сауықтырумен қамтамасыз етуге 5,6 миллиард теңге бөлінген. Ал киім-кешекке бөлінген қаржы ата-аналардың жеке шоттарына аударылған.

Облыста «Мейірім жобасы» аясында нәтижелі жұмыстар жалғасуда. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 137 балаға 96 мекеме әлеуметтік қолдау көрсетуде. 1 256 баланың "Отбасы банктегі" шотына бекітілген мемлекеттік органдар мен ірі кәсіпорындар 71 миллион теңге қаржы аударды. Бұдан бөлек жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы өтуде.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: