Жамбыл облысында бес балықшы құтқарылды

19 Ақпан, 10:25 908

ТЖМ қызметкерлері бес балықшыны құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін кешке Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы Терс-Ащыбұлақ су қоймасында бес балықшы айдын еруінің салдарынан жағадан бөлініп қалған мұздың үстінде қалып қойды.

Оқиға орнына жедел келіп жеткен ТЖМ құтқарушылары құтқару тақтасының көмегімен барлық зардап шеккендерді қауіпсіз түрде жағаға шығарды. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ, - делінген мәліметте.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: