Жамбыл облысында автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді

5 Қаңтар, 03:23 722

4 қаңтар күні кешкі сағат 23:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты Жамбыл облысында барлық көлік түріне шектеу қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Шектеу "Алматы-Ташкент-Термез" автожолының 159-238 шақырымында, яғни, Отар ауылы мен Қайнар ауылы аралығындағы учаскеге қатысты енгізілді.  

Жол қозғалысын қайта ашу 5 қаңтар күнгі таңертеңгі сағат 08:00-ге жоспарланып отыр.  

Мамандар жүргізушілерді және тұрғындарды жолға шығу алдында ауа райы болжамын назарға алуға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. 

Асқар Таудай
Бөлісу: