Жамбыл облысында алкоголь өндіретін жасырын цех анықталды

8 Тамыз 2022, 15:26 1491

Тінту кезінде 3 мың литрге жуық алкоголь өнімі тәркіленген

Қаржылық мониторинг агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері контрафактілік есепке алу-бақылау маркаларын қолданып, жасанды алкоголь өнімін өндіретін цехты анықтады, деп хабарлайды El.kz агентікке сілтеме жасап.

Тінту кезінде 3 мың литрге жуық алкоголь өнімі, 36 мыңнан астам бөтелке арақ, жалған есеп-бақылау маркалары, қақпақтарды жабуға арналған құрылғылар тәркіленді. 

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.


Бөлісу: