Жамбыл облысында 80 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

14 Шілде, 15:45 589

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданындағы Құлан ауылында 80 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй ел игілігіне пайдалануға берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық әкімдік мәліметінше, баспанаға ие болғандардың қатарында көпбалалы аналар, әлеуметтік осал топтағы азаматтар мен жетімдер бар.

Тұрғын үйдің құрылысы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізілді. Жаңа баспанада 1 бөлмелі – 20, 2 бөлмелі – 20, 3 бөлмелі – 40 пәтер бар.

Т.Рысқұлов ауданында 2000-ға жуық азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Жыл соңына дейін тағы 60 пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда, - делінген мәліметте.

Айта кетейік, Жамбыл облысында биыл 2 909 пәтерлі 56 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл қорытындысына сәйкес 54 үйді пайдалануға беру көзделіп отыр. Сондай-ақ күзде 14 шағын ауданда 22 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі деп жоспарлануда.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: