Жамбыл облысында 479 млн теңгеге мемлекеттік сатып алудың жолы кесілді

29 Ақпан, 19:27 611

Жамбыл облысының прокурорлары 479 млн теңгеге заңсыз мемлекеттік сатып алудың жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық прокуратура мәліметінше, Қордай ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органымен «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң талаптарының сақталуына жүргізілген талдау барысында құны 479 млн теңгеге облыстық маңызы бар автожолдың орташа жөндеу жұмысы бойынша мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысын дұрыс анықтамау фактісін анықтады.

Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде аталған конкурс бұзылды.

Нәтижесінде бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуының алды алынды.

Перизат Саденова
Бөлісу: