2024 жылдың қазан айынан бастап Т.Рысқұлов ауданының полиция бөлімшесіне бірқатар ауыл тұрғындарынан үй жануарларының ұрлануы бойынша арыздар түсіп, мал ұрлығы фактісімен 5 сотқа дейінгі тергеп-тексеру істері басталған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жедел-іздестіру іс шараларының нәтижесінде 4 күдікті анықталып, барлығы Луговой ауылының тұрғындары болып шықты.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында аталған тұлғалар алдын ала сөз байласу арқылы түнгі уақытта өздерінің басқаруындағы жеңіл автокөліктерімен шығып, ауылдардың айналасында жайылып жүрген жылқы және сиыр малдарын ұстау арқылы сойып, етке өткізумен айналысқандығы анықталған.
13 бас үй жануарлары ұрланып, жәбірленушілерге 4,6 млн теңгеге материалдық шығын келтірілген.
Аудандық соттың 20.12.2024 жылғы үкімімен төрт сотталушы ҚК-нің 188-1-бабы 3-бөлігінің 1) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалды.
Осы тектес 2024 жылдың қыркүйек және қараша айларында залал көлемі 7 млн теңгені құрайтын 17 бас мал ұрлығының екі фактісі әшкереленген.
Аудандық соттың үкімімен екі қылмыскер 3 жыл 6 ай және 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларына сотталды.
Үкімдер заңды күшіне енбеген.