Жамбыл облысында 218 борышкердің автокөлігі айып тұрағына қойылды

Бүгiн, 14:29 172

Жамбыл облысында 218 борышкердің автокөлігі айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

25-28 ақпан аралығында Жамбыл облысында «Борышкер-2025» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Профилактикалық іс-шараның мақсаты – құқық бұзушылардан салынған айыппұлдарды өндіріп, сондай-ақ халықты әкімшілік айыппұлдарды уақтылы өтеу қажеттілігі туралы хабардар ету болып табылады. Жолдағы рейдтер кезінде патрульдік полиция қызметкерлері борышкерлердің тиісті дерекқоры бойынша көліктердің нөмірлерімен тексеруде. Егер жүргізуші осы тізімде табылса, көлік қарызы өтелгенге дейін айып тұрағына қойылады.

Рейдтің екі күнінде өндірілген сома 34 миллион 901 мың теңгені құрады. Полиция қызметкерлері борышкерлердің 1429 мекенжайлары бойынша аулаларын аралап шықты. Сот орындаушыларының қаулыларына сәйкес мамандандырылған айып тұрағына 218 борышкердің автокөлігі қойылды, – деді Жамбыл облысы ПД ӘПБ бастығының орынбасары Ержан Мананбаев.

Естеріңізге салсақ, әкімшілік айыппұлды жеті күн ішінде өтесеңіз, айыппұл сомасының 50 пайыз мөлшерінде төлеуге мүмкіндік бар. Айыппұлдарды онлайн режимінде электрондық үкімет порталының көмегімен egov.kz және qamqor.gov.kz, екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелерінде, сондай-ақ олардың мобильдік қосымшалары арқылы тексеруге және төлеуге болады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: