Жамбыл облысында 2 вагон контрабандалық темекі анықталды

30 Маусым 2023, 11:30 997

Жамбыл облысында 2 вагон контрабандалық темекі тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметіне сүйенсек, 28 маусымда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысының «Меркі» теміржол өткізу пунктінде «Бішкек – Түрксіб» бағытындағы жүк пойызын тексеру барысында 2 вагоннан акциздік маркалары жоқ темекінің ірі партиясын анықтады.

Аталған жүк ілеспе құжаттарсыз Қырғыз Республикасынан кіргізілген.

Жүк одан әрі тексеру үшін тиісті органдарға берілді», - делінген ведомствоның баспасөз қызметінен.

Равиль Ашығали
Бөлісу: