Жамбыл облысында 2 мыңға жуық есірткі құралдарының ампуласы тәркіленді

1 Тамыз 2023, 13:21 873

Жамбыл облысында 5 тәулікте екі мыңға жуық есірткі құралдарының ампуласы мен 8 мың литр прекурсор тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жамбыл облысының аумағында кең ауқымды “Дәрмек” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Іс-шара қорытындысы бойынша Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткіге қатысты құқық бұзушылықтың 34 дерегін анықтады.

Оқи отырыңыз:

Оның ішінде 13 қылмыс, яғни аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында есірткіні заңсыз сақтаудың төрт дерегі, аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтаудың 5 дерегі, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсірудің 3 фактісі, құрамында есірткі заттары бар есірткі құралдарымен, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзудың бір дерегі анықталды, - делінген хабарламада.

Полицейлер ҚР ҚК-нің 296-бабының 1, 2, 3-бөліктері бойынша екі қылмыстық теріс қылық, ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабының 1-бөлігі бойынша 19 әкімшілік құқық бұзушылықты, сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 427-бабының 1-бөлігі бойынша бұзушылықтарды анықтады. Облыс бойынша барлығы 25 дәріхана, 10 медициналық мекеме тексерілді.

Равиль Ашығали
Бөлісу: