Жамбыл облыстық ҚХА аудандарда қайырымдылық акциясын өткізді

9 Сәуір 2019, 03:44 3244

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы мен Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ Т.Рысқұлов пен Меркі аудандарында «Қайырымдылық керуені» ұлттық қайырымдылық компаниясы аясында «Бейбітшілік және келісім керуені» қайырымдылық акциясы өтті.

Акция Т.Рысқұлов ауданының Құлан ауылының агротехникалық колледжі мен Меркі ауданы колледжінде Қоғамдық келісім кеңестері мен «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы мүшелерін «Жаңғырған ауыл» жобасымен  таныстырудан  басталып, жастарды талаптандыру, қызықтыру ретінде және адамгершілік-рухани тәрбие беру мақсатында колледж жастары арасында тренингтер өткізілді.     

Одан кейін тарихи орындар мен жергілікті мұражайларға саяхат ұйымдастырылды.  

Сонымен бірге, «Қазақтану» жобасы аясында «Қазақтың дәстүрлі құндылықтары: отбасындағы әйелдер образы және тәрбие» тақырыбында  Аналар кеңесінің және  «Медиация - ел бірлігінің негізі» тақырыбында медиаторлардың, Ақсақалдар кеңесінің де аймақтық кеңейтілген отырыстары өтті.

Шара барысында «Қазіргі заманғы дәстүрлі өнердің ролі» тақырыбында халық шығармашылығы шеберінде дәрістер мен «Туған жер» көшпелі көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде жергілікті этномәдени бірлестіктер қолөнер, қылқалам шеберлерінің шығармалары бағаланатын болады.

ҚХА Ғылыми-сараптамалық бөлімінің «Қазақстан Республикасының этномәдени саясатының жалпы тәсілдері мен негізгі принциптері» тақырыбында аймақтық семинары өтті. Жиынға қатысушылар этносаралық және конфессияаралық қатынастар, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру технологиялары бойынша сөз өрбітті.

Қайырымдылық жасауды қағидаға айналдырған облыстық ассамблея этномәдени бірлестіктерінің мүшелері  бұл жолы жағдайы төмен көп балалы 10 этностық отбасына  азық-түліктер таратып қайырымдылық көмек көрсетті.

Бөлісу: