Жамбыл ауданында екі жасөспірім 2015 жылғы балаға қорлық көрсеткен

30 Наурыз 2023, 16:13 828

23 наурыз Жамбыл ауданының полиция бөліміне Қасымбек ауылының тұрғыны арызданды. Ол өзінің арызында сол күні сағат 16:00 шамасында 2015 жылғы кәмелетке толмаған ұлына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері жасалғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Арызданушының айтуынша, 2011 және 2008 жылғы екі жасөспірім ауылдың шетінде, өз жастарынан әлдеқайда кіші баланы қорлаған. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындаумен тергеу жүргізіліп жатыр. Аталған дерек бойынша оқиға қатысушыларының бірінің әкесіне, оқиғаның негізгі қатысушысы - 2011 жылғы кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты ҚР ӘҚБтК 127-бабының 3-бөлігі негізінде әкімшілік іс қозғалды, - делінген ақпаратта.

Бұдан өзге, тиісті материалдар 27 наурыз күні осы жасөспірімді мамандандырылған мектепке анықтау туралы мәселені қарау үшін уәкілетті органға жіберілді.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

EL.KZ
Бөлісу: