28 Тамыз 2014, 06:39
«Жаңа төңкеріс» деген сөз өлкелік комитеттің жолына қарсы тұрушылардың сөзіне торуыл келтіру керек болған сөз. Əңгімені «жаңа төңкерістен» айта беретін болсақ, сөзден сөз көбейе бермек. Бұл ретте Бухарин жолдасты да, Сталин жолдасты да, Ленин жолдасты да куəға алуға болады.
Бухарин жолдас не деп еді? «Олар біздің қазіргі көксейтініміз тағы да жаңа үшінші төңкеріс емес, ұйымдасқан бейбіт жұмыс... Мемлекет құрылысын ілгері бастыра беру жұмысы».
Бұл туралы Сталин жолдас не айтқан? «Іс жүзінде бұл қыңырлық поселкеде тап тартысын қоздыруға, жуан жұдырықты тоздыратын жарлылар комитетінің саясатына қайтып айналуға, сонымен мемлекет ішінде ел соғысын жариялауға бастайды».
Ал енді Ленин жолдас не демек? «Ел соғысының ұранын ел бейбітшілігі ұранымен алмастыруды түсінбейтін адам жұртқа күлкі болуға лайық». (Месников жолдасқа жазылған хаттан).
Мұндай əдемі сөздерді қалай пайдаланбассың, айтыңдаршы?
Бұл сөздерді енді азырақ тексеріп өтелік. Сталин жолдастың сөзі қандай қыңырлыққа қарсы айтылған? Бұл жуан жұдырықтан келер қатерді қалпынан асыра сөйлегендерге, орталық ко- митет көрсеткен шаралардан басқа өз жанынан бірқатар шаралар ұсынушыларға айтылған сөздер.
Ал енді біздің Қазақстанда Сталин жолдастың сөзін қағып алып, «бұл қыңырлық поселкеде тап тартысын қоздыруға бастайды» дегенде, мұнысы шынында орындауға ұйғарылып отырған шаралардың тізбегін сөз қылғандық болады.
Осылай тұп-тура ашық айту керек еді, осыған қарсы сөйлеу керек еді, жаңа төңкерісті бетке ұстап жасырынбау керек еді.
Мұның мəнісі қалай? Мəнісі: «Қазақстан Ленинград емес. Кеңестер Одағынан, бізді Орынбор губерниясы ғана бөліп тұр», «Жалпы ілгерілеу жолымыздың шамасы бірдей». Мұндай дəлелдің аяғы неге апарып соғады?
Мұның – біздің жағдайымыздың орталық комитеттің жалпы нұсқауларымен ғана қанағаттанып, жергілікті жағдайға дəлме- дəл келтірген қосымша шараларды қолданбасақ та болады деген сөз ғой. Ауыл жағдайы поселке жағдайымен бірдей «сықылды». Поселкеде қандай саясат жүргізу жайы белгілі, со да бізге болмай ма партияның ауылда кездесетін қиыншылықтарын со да жоймай ма, «Америка ашудың не керегі бар» дегенге келеді.
Бұдан кейін Рыков жолдасты куəлікке тартады. «Түк талас болмауға тиіс, бірден бір түзу жол кооператив». Бұл дəлелді дəлелді тауып алуы да тамаша емес пе. Кооператв даңғыл жол екені рас қой. Бірақ, бүгін осы сағатта бұдан бұрын иə, осымен бірге қатар шешетін өзге мəселелер жоқ па екен. Алдымен кооперативтің жолын тікенектен аршып алу керек қой, əйтпесе оның жолын байдың селеуі басар, басып та отырған жерлері бар, сөйтіп өтірік кооператив тумай ма?
Сонымен бұл топтың ойын оның мынадай деп сипаттауға болады: 1.Қазақстанда іргелі саяси мəселелерді шешерде теріс зиянды əдістерді пайдаланғысы келеді. 2.Ауылдың жұртшылық шаруашылық қатысы даму жолының негізгі өзгешеліктерін сылап-сипап жоққа шығарғысы ке- леді. 3. Бұл жұртшылық – шаруашылық қатысын сүйекке біткен əдет пен бұрынғы ескі күйінде қалдырмақшы. Қарсы сөздерінің бəрі келіп осыған тіреледі. Бұл қалай? Бұл кімнің пайдасы? Қазақстанда ешкім шын мағынасында жаңа төңкеріс жаса- мақшы емес. Төңкеріс деген нəрсе екі тап тартысып, біреуі жеңіп, əкімшілікті қолға алғанда, жұрттың шаруашылық негізін қайта құрғанда болады. Мұндай төңкеріс біздің ойы- мызда жоқ, мұны сөз қылған адам жоқ. Əңгіме ауыл кедейінің пайдасын көздейтін шаралар туралы болған, күні бүгін де солай; ол шаралар қырдың жалпы шаруашылығы өсуін тоқтатпай, социалистік жолына қарай бастап, елде Кеңес үкіметіне күшті негіз орнатуды көздемек.