Жалғыздық адам денсаулығына қалай әсер етеді

15 Қаңтар, 11:17 1844

2023 жылы АҚШ Бас санитарлық дәрігері Вивек Мерти жалғыздық темекі шегу мен алкоголь секілді халықтың денсаулығына қауіп төндіретінін айтты. Бұл пікірмен ғалымдар да келісіп отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әртүрлі зерттеулерде ғалымдар жалғыздықтың үш түрін анықтады:

Жалғыздық психикалық және физикалық денсаулыққа әсер етеді. Атап айтқанда, ол жалпы адамның әл-ахуалын нашарлатады, иммундық жүйені әлсіретеді және өмір сүру кезінде зиянды әдеттерді қалыптастырады, бұл өз кезегінде қандағы холестерин деңгейінің жоғарылауына және қант диабетінің дамуына әкеледі.

2018 жылы ВВС ақпарат агенттігі 237 елде «Жалғыздық эксперименті» атты жаһандық сауалнамасын жүргізді. Жастар басқа жас топтарына қарағанда жалғыздықты жиі сезінетіні анықталды. Содан кейін жалғыздық деңгейі орта жасқа қарай төмендейді және 75 жастан кейін қайтадан өсе бастайды.

2018 жылы Ұлыбритания үкіметі әлемде алғаш рет жалғызбасты адамдардың санын азайтуды ресми мемлекеттік міндет деп жариялады. Басқа елдер, соның ішінде Жапония да осы үлгіні ұстанып, мәселенің шешімін табу үшін арнайы комитеттер құрды. 2023 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлеуметтік қатынастар жөніндегі комиссия құрды. Ол жалғыздықты жаһандық ауқымдағы «денсаулыққа шұғыл қауіп» және әлеуметтік байланысты жаһандық басымдық ретінде анықтады.

Interreg North Sea бағдарламасына қосылған елдер (Бельгия, Дания, Франция, Германия, Норвегия, Швеция және Нидерланды) бюджеті 3,2 миллион еуро болатын жобаны іске қосты. Оған қарттардың әлеуметтік интеграциясымен айналысатын 25 ұйым мен компания қатысады. Мысалы, бастаманы іске асыру барысында, 94 жастағы Эльза Линдландтің үйіне туыстары жіберген фотосуреттер мен хабарламаларды көрсететін экраны бар құрылғыны орнатты, оны қабылдау және көру үшін ешқандай түймені басудың қажет жоқ. Жоба сәтті жүзеге асырылған кезде ЕО-ның басқа да елдерінде қолға алынуы мүмкін.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: