"Жалақым 500 теңге еді". Жігер Ауыпбаев басынан өткен қиындықтарын айтты

21 Желтоқсан 2023, 13:42 2646

Белгілі әнші Жігер Ауыпбаев «Ұйқым келмейді» бағдарламасында қонақта бөліп, басынан өткен оқиғаларымен бөлісті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ол оқуға түсем деп Алматыға келгенмен, бағы жанбайды.

Оңтүстік астанаға келгеннен кейін кафеге жұмысқа орналастым. Оқуға үш жыл тапсырып, түсе алмадым. Алматыға үш айда әнші болам деп келгенмін. Бір жыл жүрдім дым шықпады. Анам «ауылға қайт» дегенде, «оқуға түстім» деп өтірік айттым. Cодан байдың мейрамханасына жұмысқа орналастым. Күніне 7 мың теңге төлейді. Бұрынғы кафеде 500 теңге алатынмын. Зәулім сарай болмаса да, үй алдым. Үйдің құжаттарын апарып бердім. Бәріміз жылдақы, сондай бір керемет сәт болды. Қиыншылықпен жүргенде біраз қарызданған едік. Оның бәрін жаптық, - деді Жігер Ауыпбаев.

Әнші бала кезінде қатты ауырғанда емге жұмсайтын ақша таппай ата-анасы баспанасын сатқан екен.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: