28 Мамыр 2015, 03:55
1. Әлем жұмыс істемей ақша тапқысы келетін кержақтардан және баюды мақсат етпей жұмыс істейтін нақұрыстардан тұрады.
2. Би — көлденең тілектің тік сұлбасы.
3. Жек көрушілік — қорқақтың үрейленгені үшін алған кегі.
4. Өзің жасамаған бақытты тұтынуға қақың жоқ.
5. Нағыз күйеу — менің әйелім керемет деп ойлайтын азамат.
6. Жалғыздықты көтере білу және одан ләззат алу — ұлы қасиет.
7. Шынайы болу қауіпті емес, оның үстіне аздап ақымақ болсаңыз еш айыбы және жоқ.
8. Сізді асып қойғысы келетін адамдарды күлдірте білу де өнер.
9. Етене жақыныңа қатысты ең үлкен күнә оны жек көру емес, оған деген бейтараптық. Адамдықтан кетудің биік шыңы сол.
10. Әйелдер біздің кіммен көзіне шөп салуға дайын екенімізді бірден сезіп қояды. Кейде тіпті өзіміздің басымызға келмей тұрып.
11. «Қош бол» дегенді отыз ауыз сөзге сыйдыра алатын әйел жоқ.
12. Құмары шексіз әйелмен тұру іш пыстыратын әйелмен қосылудан жеңіл. Кейде оларды буындырып жатады. Бірақ сирек тастап кетеді.
13. Ішімдік — өмір атты отаға төзуге әл беретін анестезия.
14. Өмірді объективті қабылдауды олай ете алмайтындар арсыздық деп бағалайды.
15. Қолынан іс келетін адам соны жасайды. Келмейтіндер өзгелерге үйретеді.
16. Жақсы көргеніңізге қол жеткізіңіз, әйтпесе қолға тигенін жақсы көруге мәжбүр боласыз.
17. Қартаю іш пыстырарлық, бірақ ұзақ өмір сүрудің жалғыз тәсілі сол.
18. Тарихтан алар жалғыз сабақ, адамдар тарихтан еш сабақ алмайтындығында.
19. Газет — велосипедтен құлау мен өркениеттің құлдырауынан еш айырмашылық көрмейтін баспа өнімі.
20. Демократия — бұл әуе шары, жұрт соны тамашалап тұрғанда, өзгелер қалта ақтарып үлгереді.
21. Егер менің қолымда бір алма, сіздің қолыңызда бір алма бар делік, сол алмаларды алмастырсақ, қолымызда бір алмадан қалмақ. Ал, егер менің идеям мен сіздің идеяңызды алмастырсақ, екеумізде де екі идеядан болмақ.
22. Сау сана мен еңбексүйгіштік дарынның жоқтығын жоқтатпайды. Онда қалай талантпен ғана басып озам дейсіз? Ақымақтықпен мойныңыз үзіліп кетпесін.
23. Атақ пен даңқ ел алдында еңбегі онсызда ерен адамдарға беріледі, бірақ соны ел білсін деу үшін ойлап табылған.
24. Адам — кірпіш сияқты: күйген сайын қатая береді.
25. Репутация деген бетперде, оны адам шалбар немесе шапан кигендей киіп жүреді.
26. Табиғат бос кеңістік қалдырмайды: адам шындықты біле алмаған тұсты болжаммен толтырады.
27. Саналы адам өмірге бейімделеді; санасыз әлемді өзіне бейімдегісі келеді. Сондықтан прогресс санасыздарға тәуелді.
28. Бүгінгі қоғам үшін өмір туралы тұжырым-толғамы жоқ байлар иманы жоқ әйелдерден де қауіпті.
29. Әуеде құстай зырлауды, суда балықтай жүзуді үйрендік, енді тек жер бетіне адам сияқты өмір сүруді үйрену ғана жетпей тұр.
Бернард Шоудан аударған – Шынар Әбілдә.