Жалған дипломмен жұмысқа тұратындар азаймай тұр

10 Қыркүйек 2022, 01:06 1074

Облыстық білім басқармасының жұмысына тексеру жүргізген прокурорлар бірқатар заңсыздықтың бетін ашты.

Түркістан облысында колледж бен мектеп мұғалімдері жалған дипломдармен жұмыс істеп келген, деп хабарлайды EL.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық білім басқармасының жұмысына тексеру жүргізген прокурорлар бірқатар заңсыздықтың бетін ашты.

Қадағалау органы өкілдерінің айтуынша, басқарма тарапынан оқушылар мен студенттерді мемлекеттік тапсырыс бойынша негізсіз қабылдаудың жеті дерегі анықталған. Тексеру барысында колледждерде кадрлар даярлауға мемлекеттік тапсырысты орындау кезінде де кемшіліктерге жол берілгені белгілі болды. Яғни, тапсырысты орындау барысында еңбек нарығындағы қажетті мамандар дұрыс таңдалмаған.

Шетелге шығып кеткен білім алушыларға негізсіз қаржы аудару мен мұғалімдердің жалған диплом пайдалану арқылы жұмысқа орналасқан 35 фактісі анықталды. Бұл фактілер бойынша қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу басталды,- дейді Түркістан облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры Дулат Әшірбеков.

EL.KZ
Бөлісу: