«Жағдайы ауыр». СҚО-да анасы қызын сабақ оқымағаны үшін пышақтап тастады

19 Қыркүйек, 11:17 696

Солтүстік Қазақстан облысында анасы қызын үй тапсырмасын орындамағаны үшін пышақтап тастаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева хабарлады

Қыз бала аудандық ауруханадан облыстық ауруханаға жеткізілді. Жағдайы ауыр. Бұл іс СҚО бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкілдің жеке бақылауында, - дейді Зәкиева.

Бұл іске қатысты Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті де пікір білдірді. 

Кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды, оған медициналық көмек көрсетілуде. Алдағы уақытта психологиялық көмек көрсетілетін болады. Білім басқармасы арнайы комиссия құрды. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясы мен әкімдік ананы қалған балаларын үйде тәрбиелеуден шеттету туралы шешім қабылдады, - делінген хабарламада. 

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: