«Жағдайлары орташа». Елімізде 54 жүкті әйел қызылша жұқтырған

10 Қаңтар, 16:15 830

ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті директорының орынбасары Әйгерім Оспанова қызылша жұқтырған 18 әйелдің жағдайы орташа екенін айтты, деп хабарлайды  El.kz  ақпарат агенттігі.

Елімізде 54 жүкті әйел қызылшамен ауырып жатыр.

Қызылша жұқтырған 18 әйел амбулаториялық бақылауда жатыр. Бүгінгі таңда 8 жүкті әйел стационарға келіп түскен. Барлық әйелге мониторинг жасалып, қажетті жағдайда кеңес беріледі, - деді ол.

«Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК басқарма төрағасы Манар Смағұл пандемия кезінде қызылшаға қарсы екпе егу жұмыстары күрт төмедеп кеткенін, салдарынан қызылша дерегі жойылған елдердің өзінде де ауру қайта асқынғанын айтты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, қызылша әлемнің 80 елінде жойылды. Мысалы, 2000 жылы АҚШ иллюминация мәртебесін 2000 жылы растады. Сонымен қатар 2000 жылы қызылшаға қарсы екпе егу ауқымы төмендеді. Әсіресе 2020 жылы пандемия кезінде төмендеу жоғары болды. Оның ішінде қызылша жойылған елдерде де бүгінгі таңда қызылша жағдайлары тіркеліп тұр, - деді Манар Смағұл.

Сөзінше, 2022 жылдан бастап 150 елде 150 мыңнан астам қызылша жұқтырған, ал 2023 жылы 167 елде 415 мыңнан астам қызылша дерегі тіркелген.

Былтыр Қазақстан бойынша 29 648 адам қызылша жұқтырды. Оның 79 пайызы балалар арасында, 4 пайызы жасөспірімдер және 17 пайызы ересектер.

Сонымен қатар, Манар Смағұл 165 мыңнан астам балаға қызылшаға қарсы екпе салынғанын атап өтті.

Миражан Махан
Бөлісу: