«Жаңғыру жолы» Атырау облысы жастар қозғалысының отырысы

20 Сәуір 2018, 12:28 1952

19 сәуір күні Жастар ресурстық орталығында Атырау облысы ҚХА-ның және «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен   «Жаңғыру жолы»  Атырау облысы жастар қозғалысының алғашқы  отырысы өткізілді.

Шараға Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының  меңгерушісі Г.Шәкірова, «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы, Атырау облысы «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары Ерлан Күмісқалиев пен Асемгул Уразаева, «Жаңғыру жолы»  Атырау облысы жастар қозғалысының штаб мүшелері,  БАҚ өкілдері қатысты. 

Отырыс барысында Г.Шәкірова қатысушыларына 2018-2020 жылдарға арналған «Жаңғыру жолы» қозғалысы жөнінде және алдағы уақытта жастармен жұмысты жүйелі деңгейде қалыптастыру керектігін  айтып өтті.

Сондай-ақ, Атырау облысы ҚХА жанындағы Жастар қанатының, «Таврос» армян ЭМБ-нің мүшесі Г.Арутюнян 2018 жылдың 15 наурызда Астана қаласында ҚР Мемлекеттік хатшысының Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен ҚХА-ның «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының құрылтай конференциясына қатысып келгендігін атйып, сол жиында айтылған   үндеумен таныстырды.

Шара қорытындылай келе Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Жаннат Досқалиева барлық қатысушыларға рахмет айтып,  «Жаңғыру жолы»  Атырау облысы жастар қозғалысының көшбасшысы мен  штаб мүшелеріне алға қойған міндеттерді орындауда  берілсе жұмыс жасауға, облыс көлемінде деңгейімізді жоғарлату үрдісін қолға алуға шақырды.

Сонымен қатар,  «Жаңғыру жолы»  жастар қозғалысының  облыстық штабына Жастар ресурстық орталығы жанынан  кабинет ашылғандығын  қуанышпен айта аламыз!

 

Бөлісу: