Жаңашылдыққа құштар жастар «Бірлікке» жиналды

27 Тамыз 2019, 17:04 2616

Қазақстан халқы Ассамблеясы Жастар жылы аясында ұйымдастырған этномәдени бірлестіктер мен жастар ұйымдарының қатысуымен халықаралық «Бірлік» жастар лагері жұмысын бастады. 

 

Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған жастар және шетелден келген қонақтар «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында» бас қосып, «Дарын» орталығының жазғы сауықтыру лагеріне жол тартты. Қатысушылар тіркеуден өткен соң, жеребе тартып топқа бөлінді.

«Бірлік» легерінің салтанатты ашылу рәсіміне ҚХА Төрағасының орынбасары Пулатов Шерзод Аббозұлы, «Мы-россияне» Ресей халықтарының Жастар Ассамблеясы» жалпыресейлік қоғамдық қозғалысының Омбы аймақтық бөлімшесінің төрағасы Ермек Хапизов және мүшелері Я.Ульянов, Д.Липовик, «Жаңғыру жолы» ҚХА республикалық жастар қозғалысының үздігі Тимур Жұмырбаев қатысты.


Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, іс-шараның мақсаты – мемлекеттік жастар саясатын дамыту және қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін насихаттау.

Лагерь аясында «Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар саясатын дамыту басымдықтары» атты форум, «Жастар ұйымдарының халықаралық жұмыс тәжірибесі» және «Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының міндеттерін практикалық іске асыру» туралы дөңгелек үстел өтті.

Сондай-ақ, жастар арасында пікірталас, семинар-тренингтер ұйымдастырылды. Соңында жастар «Қазақстан ұйғыр жастары одағының» шығармашылық кешін тамашалап, би жарысымен алғашқы күнді тәмамдады.

«Бірлік» халықаралық жастар лагері 28 тамызға дейін жалғасады.

Бөлісу: