Жаңа жылдық тақпақтар

7 Желтоқсан 2014, 13:53

Жаңа жылдық тақпақтар

Ақ қар жапты даланы 
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға

Оралды өлкеме 
Жаңа жыл, армысың!
Оранды ақ көрпе
Асқар тау, қарлы шың.

Тоғай да, баулар да
Ақ күміс жамылды.
Дала да, таулар да
Өзіңді сағынды.

Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз.
Ән шырқайық баршамыз

 

Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.


Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.


Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.


Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.

***


Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.


Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.


Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.


Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп


Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
Қайда қызық болса думан, 
Аяз Ата сонда болды. 
Күндіз үйде ойнап бізбен, 
Балалармен бірге болды.


Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа-жыл
Ата-әже, ата-әже
Құтты болсын жаңа жыл


Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын.

***

Аяз –ата туралы тақпақтар


Аяз –ата ақ сақалды,
Ақ таяқты паң ата,
Асып өтіп асқар тауды
Жеттің бізге таң ата


Жапалақтап ақша қар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап.


Қайда қызық думан болса,
Аяз ата сонда болды.
Балалармен бірге ойнап
Балалармен бірге қонды.


Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты.
Ақтон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.

***

Қыс.

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады, қатады

Жып жылтыр боп жатады.

***

Жаңа жыл.


Жасыл желен жамылған,

Асыл моншақ тағылған.

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сагынған.

***

Аққала – ақ бала. 

Аққала мен ақ бала,
Сырғанайды сырғанақта.
Жаздым тақпақ бәріне,
Ақ қыс сұлу ақ өлең.
Ақ бала жасады аққала.
Ақ қар жатыр далада.

***
Көңілді қыс! 

Балалар шықты далаға,
Ойнап, күліп жүр енді.
Шаналармен азады,
Аққаланы соғады.

***

Нан қоқымын шашпаңдар
Жерде жатса баспаңдар
Теріп алып қастерлеп
Торғайларға тастаңдар

Бөлісу: