9 Желтоқсан 2014, 07:05
Жаңа жылдық жеміс салаты
Бізге керегі:
Ананас 1 дана
Банан 1 дана
Апельсин 1 дана
Алма 1 дана
Киви 1 дана
Құлпынай 1 дана
Қант ұнтағы 2 ас қасық
Лимон шырыны 2 ас қасық
Жалбыз
Бүлдірген 20 г
Салаттың жасалуы:
Ананасты алып екі бөлікке бөлеміз. Ортасындағы жұмсақ жерлерін жаймен алып, кубиктеп тураймыз. Енді басқа жемістерді тазалап , барлығын орташа қылып тураймыз. Дайын кесілген жемістерге лимон шырыннын қосып, қант ұнтағын сеуіп ананастын астынгы болігіне саламыз. Енді салаттын бетіне құлпынайды салып жалбыз жапырағымен сәндеп қоямыз.
Жаңа жылдық салат
Бізге керегі:
Мандарин – 2дана
Кунжут – 3гр
Сәбіз – 1дана
Грек жаңғағы – жарты стакан
Алма – 1дана
Лимон шырыны – 1ас қасық
Тұз дәміне қарай
Зәйтүн май – 2ас қасық
Салаттың дайындалуы:
Сәбізді алып жақсылап тазалап ұзыншалап майда үкіштен өткіземіз.
Алманы алып оны да тазалап ұзыншалап тураймыз.
Мандариннің қабығын аршып дөңгелектеп тураймыз.
Енді ыдыс алып сәбіз бен алманы салып, жаңғақты аздап майдалап салатымызға қосып жақсылап араластырамыз. Бөлек кішірек ыдыс алып оған зәйтүн майн құйып аз ғана тұз сеуіп, лимон шырынын қосып дайын болған салатымызға құйып жаймен араластырамыз. Тарелкамызды Алып оған дайын салатымызды салып, бетіне кунжутты себеміз.
***
Ұсақ балық пен жүгері қосылған салат
Салат құрамы:
Ұсақ балық – 300г
Жұмыртқа – 4дана
Тұздалған қияр – 100г
Сәбіз – 100г
Консервіленген жүгері – 100г
Салатты дайындау суретімен:
Ұсақ балықтарымызды 3 минуттай қайнатып аламыз, тұз салуды ұмытпаңыз. Енді балықтарымызды майда ұзыншалап тураймыз.
Жұмыртқаны да қайнатып алып , тазалап майдалап тураймыз.
Сәбізді де пісіріп дөңгелектеп тураймыз.
Ал қиярды ұсақтап турап, барлығын араластырп жүгерімізді қосып майонез салып жақсылап араластырамыз. Салатымыз дайын. Астарыңыз дәмді болсын!