19 Желтоқсан 2014, 19:31
Жаңа жылдық мультфильмдер көшін мюзикл жанрында түсірілген "Мұз басқан жүрек" (Frozen) бастап тұр.
1. "Мұз басқан жүрек" (АҚШ, 2013ж.)
Көне сәуегейлік орындалып, алыс патшалық қыс қаһарына ұшырайды. Мұзды сиқырды Анна ханшайымның әпкесі Эльза ғана жеңе алады. Батыл Анна әпкесін іздеп жалғыз өзі жолға шығады. Осы жерде ол Кристофф есімді жас жігітті және оның сүйкімді бұғысы Свенді кездестіреді. Жолдары түйіскен кейіпкерлер талай шытырман оқиғаларды бастап кешіреді.
Мультфильмнен алынған үздік дәйексөздер:
Эльза, есіңде болсын, қорқыныш - сенің ең басты жауың.
Анна, бір көрген адамға күйеуге шығуға болмайды.
Ол маған ешқандай зиян келтірмейді, ол - менің әпкем.
Тек шынайы махаббат жүректегі салқындықты ерітеді.
Шын махаббат - ол жақсы көретін адамыңның мүддесін өзіңдікінен жоғары қою.
2. "Рождестволық оқиға" (Чарльз Диккенс повесінің желісімен).
Бүкіл өмірін жалғыздықта өткізген сараң Эбенезер Скрудж осы жылғы Рождество мерекесін соңғы рет қарсы алғалы тұрғанын әлі білмейді. Алайда, рождестволық үш рух Эбенезерге өлім алдында бүкіл өмірін сырт көзбен бір қарап шығуға мүмкіндік береді. Жаңа жылды жаңа өмірмен бастаған Эбенезердің оқиғасы балаларға ғана емес, ересектерге де үлкен сабақ.
Мультфильмнен алынған үздік дәйексөздер:
Мырзам, сіз шешен екенсіз. Сіздің орныңыз парламентте.
- Сен маған құда түскен кезде екеуміз де кедей болатынбыз. Содан бері сен өзгердің. Сенің жүрегіңдегі менің орнымды алтын басты.
- Мен ол кезде ақымақ болатынмын.
Ол ешкімге керек болмағанына өзі ғана кінәлі.
- Бұлар кімдер?
- Бұл екеуі адамнан тараған, бірінің аты - надандық, екіншісі - кедейлік.
Өзі де аз уақытымды құр өткізуге болмайды ғой.
О дүниеге өзіңмен бірге ешнәрсе алып кете алмайсың.
3. "Шрек: Рождество" (Shrek the Halls)
Бұл жолы Шрек өзінің отбасы үшін керемет мейрам ұйымдастырмақ болады. Алайда, мейрам енді қызып келе жатқан кезде күтпеген қонақтар келіп, Шрек жоспарының күл-талқанын шығарады. Қысқаметражды бұл мультфильм достық пен отбасы арасында таңдау болмайтынын, әрқайсысының өз орны барына үйретеді.
4. "Рождестволық Мадагаскар" (2009)
Мультфильмде қолданылған үздік дәйексөз:
Жаңа жылдың құпиясы сыйлық алуда емес, беруде.
5. "Сұлу және құбыжық: Сиқырланған Рождество"
6. "Мұз дәуірі: Алып рождество"
7. "Полярлы экспресс"
8. "Қарлы ханшайым"
9. "Барби: Керемет рождество"
10. "Санта-Клаустың құпия қызметі"