Жаңа жылда телеарналардан не көре аласыз?

8 Желтоқсан 2014, 06:45

Мерекелік кеште не күтіп тұрғанын білгіңіз келсе...

Міне жаңа жыл да жақындап қалды. Телеарналар мерекелік түсірілімдерін бастады. Әдемі әуендер, қызықты әзілдер, ертегілер әлеміне саяхат - осының барлығын біз жаңа жыл түні тамашалай аламыз. Ал қазір El.kz редакциясы назарларыңызға жұлдыздардың әлеуметтік желілерге салған түсірілім үзінділерін ұсынамыз. 

Көш бастап «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы жұлдыздармен жаңа жылдық кеш түсірілімдерін бір апта бұрын бастап  кетті. Бағдарламаны 31 желтоқсан күні сағат 22:00-02:00 аралығында тамашалай аламыз.

Ал «Хабар» арнасы көрермендерін жаңа жыл туралы жаңа киносымен қуантайын деп отыр. Елге танымал әншілер мен актерлер жаңа кейіпте рөл сомдауда.

«Астана» арнасы да мереке түніне қызықты қойылымдар мен танымал адамдармен ерекше сұхбаттар дайындауда. «Жап-жаңа жыл» атты кештің жүргізушілері Баян Есентаева мен Динара Сатжан.

Бөлісу: