24 Желтоқсан 2014, 03:59
Жаңа жылға небәрі жарты сағат қалды. Өткен жыл әртүрлі қырымен есте қалды. Жақсысы да, жаманы да, ауыры да, жеңілі де болды. Қанекей, болашаққа ешқандай артық жүк арқалап бармай, осы қалған уақытта кейін еске алмайтын жағдайларды еске алып үлгерейік.
Алексей Иванов, «Географ глобус пропил»
Туған күн деген де әр адамның жеке Жаңа жылы. Өткенге өсеп беріп, болашаққа жоспар құрасың.
Эльчин Сафарли, «Мне тебя обещали»
Жаңажылдық шырша 25-ші, 26-шы, 27-ші, тіпті 30-шы желтоқсанға дейін мерекелік көңіл күй сыйлап тұрады. Ал, 31 желтоқсан күні өткен соң көшеде тыныштық орнап, көшеде шыршалардың шамдары мерекенің аяқталғанын сездіріп тұрғандай әсер етеді. Сол шыршаға қарап тұрып, мерекенің қашан басталғанын, қалай өткізіп алғаныңды білмей, және ол кімдер үшін болғанын білмей дал боласың...
Александра Маринина, «Бой тигров в долине»
Біреулер жаңа өмір бастағысы келеді, ал біреулер үшін Жаңа жыл да жеткілікті...
Сергей Веденье
Жаңа мүмкіндік алу, кешірімді болу. Көп жұмыс жасау, бұрынғыдан да сапалы еңбек ету, біреуді одан да қатты сүю, болған жайға уайымдамау, өмірді сол күйінше қабылдау... Жаңа жылдың мағынасы осында!
Клэр Морган, «Старый» Новый год»
Жаңа жылда тышқан да қуанады!
Танымайтын ортада ақша тапқан жақсы, жақын таныстармен Жаңа жыл мерекесін қарсы алған бір ғанибет!
Қытай мақалы
Ертеңгі күн дегеніміз – кітаптың алғашқы 365 парағы. Дұрыстап толтырыңыздар!
Брэд Пейсли
Жаңа жыл күні өзіме ешқашан есеп бермеймін. Бір жылдық жоспар құру, өміріңе өзгеріс енгізуге талпыну деген бір күн үшін тым көп шаруа...
Анаис Нин
Ең қысқа түн 22 маусым емес, 31 желтоқсан!
Юрий Татаркин
Барлық адамдар ағайынды. Жақсы-жақсы, бәрі емес. Кейбіреулері апалы-сіңлілі. Жылына бір рет адамдар бір-біріне өте қатты ұқсап кетеді. Мейлі Хабаровскіде, мейліПитерде, мейлі Астанада жүрсе де. 31 желтоқсан күні бәріміз бірдей шырша жағып, тәттілер дайындап, Жаңа жылдан жаңа үміт күтіп отырамыз
«Елки 2» фильмі
– Сенің өткен жылдан бері орындалмаған армандарың бар ма?
– Жетеді.
– Онда соның бірі орындалғанын тілеймін.
– Неге біреуі ғана?
– Барлығы орындалса, келесі Жаңа жылда не тілесйсің?!
Олег Тищенков, «Кот»
Әзірлеген: Досжан Мейірбек.