5 Сәуір 2016, 11:56
Көпшілік жаңа тас жолдар мен жолақтардың қосылуы жол жүйесіне көмектесуі әбден мүмкін деген ойда. Алайда бұл идеяның қателігі туралы Браун университетінің экономисі Мэтью Тернер былай деді:
«АҚШ-тың онжылдықтар бойына жиналған көлік ақпараттары бойынша деректері жаңа жолақтардың қосылуы кептеліс мәселесін іс жүзінде шешпейтіндігі дәлелдеді. Мысалға, I-405 автострадасының бес жыл бойы жүрген құрылысы мен кеткен $1 миллиард қаражат мүлдем ақталмады деуге болады. Себебі сол тас жолмен қозғалатын көліктердің санды одан бетер ұлғайыпты. Деректер бойынша көлік кептелісінің қозғалу жылдамдығы одан бетер азайып кеткен екен.
Тернердің айтуы бойынша жол жағдайын жақсарту адамдарды дәл сол жолмен көбірек қолдануға итермелейді. Тас жолмен жүру тегін болғандықтан, бұл құбылыс әбден түсінікті.
Ұзақ уақыт бойы АҚШ-ғы құрылысшылар мен көлік инженерлері жолдың өткізгіштік қабілетін арттыру қозғалыстың азаюына себеп болатынына сеніп келді. Ал бұл зерттеуге өте қиын сынақ болғандықтан тұжырымдаманы іс жүзінде ешкім тексермеді.
Тернер мен Дурантон бұл зерттеуді өткізу үшін айла ойлап тапқан болатын. Олар 2011 жылы жарық көрген қорытынды мақаланың ішіндегі ақпараттарды толық қарап шығады. АҚШ қалалары мен қала маңындағы тас жолдардың жалпы өтімділігін көліктің жүріп шыққан қашықтығына ара қатынасын есептейді.
Олардың жасаған нәтижелері бойынша қаншалықты жолдың өткізгіштік қабілеті артса, соншалықты көліктердің жолда жүрген қашықтығы артады екен.
Мысалы, өткізгіштік қабілет 10 пайызға артса, көлік 10 пайызға артық шақырым жүреді. Бұл тұжырымдаманы тексеру үшін экономистер тағы бір зерттеу жүргізеді. Олар 1983 пен 2003 жылдар аралығында салынған тас жолдардың деректерін зерттейді. Бәрі кері расталып шығады.
Ендігі кезекте бұл деректерді Жапония және Ұлыбританияның көрсеткіштерімен салыстырады. Нәтижелер тағы да қайталанады. Жолақтардың саны көбейіп, жол кеңейген сайын кептеліс мүлдем азаймайтындығы расталды.
Тіпті қоғамдық көліктер де кептеліс мәселесін шеше алмайтындығы анықталды. Егер кейбір адамдарды машиналарынан автобустарға отырғызғанның өзінде, жолда босаған орын басқа көліктерге толып қалатыны белгілі болды.
Бұл сұраққа жауапты Тернер мен Дурантон былай дейді: «Мысалы, бұл жолдар сіз гамбургер жасап, бәріне тарата салғанмен іспеттес. Сіз гамбургерлерді тегін жасасаңыз, адамдар оны көбірек жегісі келеді.»
Тағы бір мысал, сіз бір тауарды $15-ға арзанырақ ала алсаңыз, бірақ ол үйіңізден 15 шақырым жерде орналасса, және ол жолда үлкен кептелістер болса, сіз ерініп бармай қаласыз. Себебі жарты сағат бойы көліктің ішінде қамалып жол жүргенше, үйдің қасындағы дүкеннен ала салған ыңғайлы деп ойлайсыз. Ал егер сол арзан дүкенге апаратын тас жолға жаңа жолақтар салып, жөндеу өткізген болса, сіз айнымай сол дүкенге барып келесіз.
Адамдар көрші жатқан көшелерге жаяу барудың орнына көлікпен жеткенді жылдамырақ деп ойлайды. Сондықтан жолдарда жасанды кептеліс орнайды. Міне, жаңадан салынған барлық жолдар осылай бір мезетте көліктерге толып қалады. Бір билбордта «Сіз кептелісте тұрып қалған жоқсыз, сіз өзіңіз кептеліске себепшісіз» жеп жазылып тұр екен.
Жоғарыда жазғанымыз бойынша жолақтардың қосылуы кептеліске мүлдем көмектесе алмайды. Бір шешімі – жолдарды ақылы ету.
"Жолдарда көлік көп болып, қозғалыс қиын болса, кіргісі келгендер ақша төлеу керек болады. Ал егер түн уақытында, яғни көлік аз кезде кіргіңіз келсе, сәйкесінше азырақ төлейсіз", – дейді Тернер. Бұндай жүйе тек қана Лондон мен Сингапур қалаларында қолданылады.
Бұл жүйенің кемшілігі – жолды қолданған сайын төлеуді әркімнің қалтасы көтере бермейді. Сол себептен кептеліс те азайып отыр ғой. Ауқатты адамдарға бұл жаңа шара қатты әсер ете қоймаса да, қарапайым отбасы қиналып қалуы мүмкін. Бірақ, басқа тұрғыдан алып қарағанда, жүргізушілер жыл сайын үлкен көлемде салық төлеп тұрады.
Көріп тұрғаныңыздай жыл сайын әлем бойынша жолдағы қозғалысты жеңілдету үшін жұмсалатын қаражат өзін толықтай ақтай алмайды ал мәселе сол күйінде қалуда. Тіпті жол саны артқан сайын, кептелістердің көлемі де ұлғаяды.
Мақала бойынша сілтеме