Жаңа реформалар диалог арқылы іске асырылуы тиіс - сарапшы

15 Маусым 2022, 15:45 1391

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай құрылғаны мәлім. 

– Бүгін Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Ұлттық құрылтай құру туралы» Жарлыққа қол қойды. Жаңа қоғамдық институт билік пен қоғам арасында нақты және берік байланыс орнатуға мүмкіндік беретін ең күшті буын болады деген үміт бар. Құрылған алаң қоғамдық институт болатынын түсіну керек, осы алаңда өзара қолайлы ымыраны іздеумен байланысты әрбір проблеманың дәлелді талқылаулары өтетін болады. Бұл институттың маңызды сапасы-репрезентативтілік, оның құрамына қазақстандық қоғамның барлық спектрінің өкілдері кіреді. Жаңа реформалар диалог арқылы іске асырылуы тиіс, жаңа алаң идеялар мен ұсыныстардың генераторы және жұртшылықтың пікірін білдіруші болуы тиіс, - дейді «Ақпараттық-ресурстық орталық» ҚҚ басшысы Алтынай Көбеева.

Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы ертең, 16 маусымда  Ұлытауда өтетінін еске сала кетейік. 

Бақытгүл Абайқызы
Бөлісу: