Жүзуден Қазақстан спортшылары 3 медаль жеңіп алды

17 Тамыз 2022, 20:14 2212

Еркін әдіспен 4 х 100 метр эстафетасында әйелдер командасы үшінші болып мәреге жетті

Жүзуден Қазақстан спортшылары Түркияда өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында тағы үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Еркін әдіспен 4 х 100 метр эстафетасында әйелдер командасы үшінші болып мәреге жетті.

Ал 100 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуден Аделаида Пчелницева қола жүлдегер атанды.

Ксения Игнатова да 50 метрге шалқалай жүзуден жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Бөлісу: