Жүргізуші куәлігін беру кезінде 200-ден астам заңбұзушылық анықталды

22 Тамыз 2022, 17:25 1409

2021 жылдың жеті айында қазақстандықтарға 84 949 жүргізуші куәлігі берілген

2022 жылдың І жартыжылдығында Мемлекеттік корпорацияның ішкі қауіпсіздік департаменті 200-ден астам құқықбұзушылық дерегін анықтады. Бұл көп жағдайда емтихан кезінде техника құралдарын пайдалану әрекеттерімен сипатталады. Атап айтқанда, жасырын камера мен мини-құлаққаптар көп қолданылады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz

Емтиханды тапсырудың тағы бір тәсілі – арнайы адамды пайдалану. Ол қалай? Жол ережесін білетін адам жүргізуші куәлігін заңсыз алғысы келетін бірнеше адамның басын қосып, арнайы топ құрады. Ол өз тобына кірген адамдарға ым-ишарат пен іс-әрекеттің тілін үйретеді. Емтихан күні ол өз тобындағы адамдармен бірге кабинетке кіріп, онда жанындағы мониторға қарап, жөтелу, есінеу, тіпті, тықылдату арқылы дұрыс жауаптың қайсы екенін білдіртіп отырады. Осындай бір емтиханда 5 адамға дейін көмектесіп отырған. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2021 жылдың екінші бөлігінде жүргізуші куәлігін алу үшін жаңа талаптар енгізгенін, нақтысын айтқанда, теориялық емтихан тапсыру кезінде биометриялық жүйе қолданылатынын, автодромдарда металл іздегіштер мен жаңа GPS-жүйе орнатылғанын хабарлайды.                                                 

Егер 2021 жылдың жеті айында қазақстандықтарға 84 949 жүргізуші куәлігі берілсе (алғаш рет), жаңа талаптар енгізілгеннен кейін 2022 жылдың дәл осы кезеңінде 46 585 жүргізуші куәлігі табысталды. Көрсеткіш 45,16 пайызға төмендеп отыр. Бұл себепті кейбір клиенттер жеке мүдделеріне жарата бастады. Мемлекеттік корпорацияның ішкі қауіпсіздік департаменті Мамандандырылған ХҚО қызметіне байланысты жаңа сыбайлас жемқорлық тәсілдерін анықтау және оның жолын кесу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді.                                                                                                       

Мемлекеттік корпорацияның регламентіне сәйкес, әрбір анықталған бұзушылық немесе техника құралдарын пайдалану жағдайынан кейін Мамандандырылған ХҚО қызметкерлері полиция шақырады. Одан кейін арнайы акт толтырылады және емтихан нәтижесі жойылады. Кейбір нормативтік олқылықтарға байланысты техника құралдары мен арнайы адамдардың көмегіне жүгінген құқықбұзушылар кез келген уақытта емтиханды қайта тапсыра алады. Осы ретте Мемлекеттік корпорация тәртіп бұзушыларды және 3 әрекет ішінде жүргізуші куәлігін ала алмағандарды 6 айға шеттету бойынша ІІМ-ге ұсыныс жасады. Бұл арқылы емтихан тапсыру талаптарын қатаңдату шаралары көзделеді.

Өзгерістер енгізілгенге дейін клиенттерге заңсыз көмек көрсетіп жүрген арнайы адамдарды жеке компьютерлерге көшіріп, қатаң тексеріс басталды. Олардың штаб-пәтерлерінің мекенжайы және толық ақпараты бар 16 материал ресми түрде құқық қорғау органдарына берілді. Мемлекеттік корпорация құқық қорғау органдарына қылмыстық жағдайларды шешуге көмектескені үшін алғыс білдіреді. Қазіргі уақытта іс жүргізу кезінде жүргізуші куәліктерін заңсыз беруге қатысы бар барлық Мамандандырылған ХҚО қызметкерлері жұмыстан шеттетілді.

Бөлісу: