ЖҮРГЕН ЖЕРІ – ЖƏРМЕҢКЕ

25 Тамыз 2014, 09:22

Мен он үш-он төрт жасымнан үлкен сахнаға шығып, ел алдында азды-көпті өнер көрсете бастадым.

Ақан ƏБДУƏЛІ,

Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, А.Жұбанов атындағы республикалық дарынды балаларға арналған қазақ орта мамандандырылған музыка

мектеп-интернатының директоры: 

«АТАҒЫҢ ЖОҚ» ДЕГЕН СӨЗ, «СЕНІҢ ТАЛАНТЫҢ ЖОҚ» ДЕГЕНМЕН БІРДЕЙ

– Сіз үшін қызмет қандай қажеттіліктен туды? Ертелі- кеш бір орынға байланғанша, емін-еркін əніңізді айтып жүре берсеңіз болмас па еді?..

– Мен он үш-он төрт жасымнан үлкен сахнаға шығып, ел алдында азды-көпті өнер көрсете бастадым. Жетісу əншілік мектебін дəріптеп, дəстүрлі əн, терме, жыр-дастан, хисса- толғаулар орындадым. Айтысқадақатысып, ақындар аламанында бір кісідей бақ сынадым. Композиторлық қырымды таныт- тым. Ақын ретінде жеке жыр жинағымды шығарып, лирикалық өлеңдерімді оқырман қауымға тарту еттім. Бұдан бөлек, киноға түстім, хабаржүргіздім, эстрадамен, оркестрдің сүйемелдеуімен əн айттым. Консерваторияда дəріс бердім. Қазір Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында кафедра меңгерушісімін. Қысқасы, өнердің бар саласында еңбек етіп, маңдай терімді төгіп келе жатқаныма 20 жылдан асыпты. Осы уақыт ішінде көп жетістіктерге қол жеткіздім. Тəжірибе жинақтап, ізденіп, ысылып, шыңдала түстім. Игі жақсылармен табақтас, дəмдес, сыйлас болдым. Қара домбырамды құшақтап талай елге барып, талай жерді көрдім десем артық айтпайтын шығармын. Халықтың қызықшылықтарының ортасында жүрдім. Жетісу- дың желмаясы, менің ұстазым Есенқұл Жақыпбектің:

– Көтеріп жұрттың шашбауын, Той емес тойды тойлайсың.

Өзін бір өзі қаңғыртқан, Дəруіштен бейне аумайсың, –

деген бір өлеңі бар. Сол кісі айтпақшы, күні-түні сабылу, уақытпен санаспай тыным таппау, қанша дегенмен адамды шаршатады екен.

Оның үстіне, «күнкөріс, тіршіліктің қамы» деп, əйтеуір ақ- шасын төлегеннен кейін амалсыз барып, кейбір тойлардан жаның қажып, көңіл-күйің түсіп қайтатын кездер де кездеседі.

«Мен сағанақшатөледім» депміндетсініп, айтқанынакөндіріп, айдауына жүргізгісі келетін кейбір той иелерінің өнерге деген «құрметтері»қарныңды аштырады.Бірж ағынан бала-шаға өсіп келе жатыр. Өзіміз де жас емеспіз, орда бұзар отыздан астық. Кейінгілерге аға болар, ұстаз болар жасқа жеттік. Қырыққа келгенше, қашанғы салпақтап жүре бересің. Сондықтан бір қыз- меттің құлағын ұстау қажет болды.

– Дегенмен, сіз осы қызметке келгенде «демеп жүрген бір көкесі бар екен. Осы жерде бір-екі жыл отырып, сосын тағы жоғарылататын көрінеді» деген əңгіменің шеті қылтиды...

– Мұндай əңгімені өзім де естідім. Мектепке келгеннен кей- ін біраз уақыт өткенде, бір кісі телефон шалып, құттықтады. Бірақ ешқандай мереке емес, туған күнім де емес, не үшін құт- тықтап жатқанын түсіне алмай, сəл ойланып қалдым. Əлгі кі- сі жылы лебіздерін жаудырған сайын мен де рақметімді айтып, алғысымды аямай жатырмын. Бір кезде болмаған соң, «мені ешкіммен шатастырып алған жоқсыз ба? Не үшін құт- тықтап жатырсыз?» деп өзінен сұрадым. Сөйтсем, «сені Алматы қаласының Мəдениет басқармасына бастық болды деп естідік» дейді. Тағы бірде жеті-сегіз адам қатар қоңырау соқты. Олардың айтуынша, анау-мынау емес, Мəдениет жəне ақпарат Вице-министрі  болып  тағайындалыппын.  Мұндай  жағдайда «ауыздарыңа май» деп күлгеннен басқа, не дерсің. Ал шындығына келсек, Нұрлан Өнербаев ағамыз Алматы қаласының Мəдениет басқармасының бастығы қызметінен босағаннан кейін, осы мектептің директоры болды. Сол кезде Нұрлан ағамызды құттықтап шығу үшін осында алғаш рет келген едім. Жан-жағына қарасам, əжептеуір орынды алып жатқан, ауласы кең, тəп-тəуір мекеме көрінеді.  Не  керек, сол жолы Нұрлан Əлтайұлымен ұзақ əңгімелесіп, ол кісі сөз арасында маған алдағы уақытта басқа да жоспарлары бар екенін, бұл қызметте ұзақ отырмайтынын, өз орнына мені ұсынғысы келетінін жеткізді. Мұндай жақсылық күтпегендіктен, əуелі «мені кім директор жасай қояр екен? Бұл жүйені білмеймін ғой» деп абдырап қалдым. Сөйтсем, «сенің қолыңнан келеді. Мен оған сенімдімін. Ойланатын түгі жоқ. Үйренесің. Қырыққа келгенше бірдеңе жасап қалмасаң, қырықтан кейін ешкімге керегің болмай қалады. Қазір орайы келіп тұрғанда, тартынба. Өзім сені жоғары жаққа айтып, ұсыныс жасаймын» деді. Сонымен, арада біраз уақыт өткенде, мен директордың орын- басары болып жұмысқа орналастым. Сөйтіп, істің мəн-жа- йымен танысып, жұмыс барысына қанық бола бастадым. Кейін Нұрлан ағамыз депутаттыққа сайланғанда, ол кісінің ор- нында директордың міндетін атқарушы болып қалдым. Құз- ырлы мекемелердегі басшылар мені «əрі қарай жұмысты алып кете ала ма, жоқ па?» деген болулары керек, ұзақ сынады. Төрт ай «директордың міндетін атқарушы» деген атпен жүрдім. Осы уақыт ішінде жасаған еңбектерім ескерілген шығар, төрт айдан кейін маған осы қызмет сеніп тапсырылды.

– Басшы ретінде ең əуелі ұжымға қандай талап қойдыңыз?

– Ең бірінші ата-аналардан ақша жинағанды тоқтаттым. Мемлекеттен балалардың тамағы, мектептің күрделі жөндеуі, басқа да толып жатқан мəселелері үшін деп арнайы қаражат бөлінеді. Күнəнің ең ауыры – «жас бала мен əйелдің ақысын жеу». Балаға деп бөлінген ақша оқушылардың игілігіне жұм- салуы тиіс. Сондықтан қазіргі таңда біздің мектепте ананы бір, мынаны бір сылтау етіп, ақша жинау деген нəрсе жоқ. Құдайға шүкір, соның арқасында балалардың да, ата-аналардың да алдында абыройым жаман емес.

Мектептегі ұстаздар да сыйлайды. Біз ата-анадан ақшадан гөрі баланың тəртібін талап етсек, ісіміздің алға басары сөзсіз.

– Ал оқу жүйесіне қандай өзгеріс əкелдіңіз?

– Мұнда негізгі күш, яғни уақыттың жетпіс пайызы музыкаға жұмсалады. Басқа пəндерге айтарлықтай көңіл бөлінбейді. Бір- ақбұлдұрысемесдепойлаймын. Балақаншаталантты, дарынды болғанымен, білімсіз болса, ертең екінің бірі болып қалады. Əрі қарай өзін-өзі дамыта алмайды. Сондықтан осы мəселеге баса назар аударып отырмын. Жаңа жылдан кейін ата-аналар- мен кеңесе отырып, мұғалімдер жалдап, қосымша сабақтарды көбейтпекпін. Əр ата-ана мүмкіндігіне қарай, баласына қала- ған пəнінен қосымша сабақ алатын болады. Сондай-ақ үстіміз- дегі оқу жылынан бастап, қысқарып  кеткен  біраз  сағаттар- ды толықтырдық. Кім жақсы жұмыс істейді, еңбегіне қарай, соларға сағат көп қойылады. Бүгінгі таңда мұғалімдердің алды 100 мыңнан асырып жалақы алады. Əрине, ұстаздардың еңбегі ұшан-теңіз. Қазіргі алып отырған қаражаты олардың шүмектеп аққан терінің қасында түк те емес. Жыл сайын 20-30 пайыздан қосылып келе жатыр ғой, дегенмен олардың еңбегі лайықты бағаланғанша, қазіргі жас мұғалімдер қартайып кететін сияқты...

– Директорлықтан бөлек, Өнер академиясында кафедра меңгерушісі екеніңізді айтып қалдыңыз. Екеуі де жаман қызмет емес. Екі жерде де билік жүргізе аласыз. Таныстарыңызды, өнердегі достарыңызды жұмысқа шақырдыңыз ба?

– Жасыратын несі бар, Өнер академиясына бір-екі шəкіртімді шақырдым. Əрине, шəкіртім болғаннан кейін емес, болашағы бар білікті, білімді жас мамандар болғаннан кейін білген- түйгендерін студенттерге үйретсін дедім. Ал мектепке талай жылдан бері ыстық-суықты бірге көріп, баршылықта да, жоқ- шылықта да қасымнан табыла білген Абзал деген досымды оң қолым ретінде жұмысын жоғарылаттым. Менің ойымды, мақсатымды жақсы түсінеді жəне əрі қарай дұрыс жүзеге асуына барын салатын азамат. Бірақ ешкімнің сағатын тартып алып, жылатып-еңіретіп қуып жіберіп, олардың орындарына өз адамдарымды қойған жоқпын. Барлығы да бос орынға келді. Қол астымда ешқандай туысқаным жұмыс істемейді. Ертең ағайының бір қателік жіберсе, сен одан «неге бұлай?» деп батырып айтып, ештеңе талап ете алмайсың. Қатты шара қолдансаң «оңбаған, адамгершілігі жоқ екен» деп ауылға неше түрлі қып, сөз айтып барып, жаман атыңды шығарады. Сондықтан олармен алыстан сыйласқанды дұрыс көремін. Өнердегі азаматтарға келсек, менің достарымның ішінде үш- төртеуі ғана бір кемеде жүргендер. Қалғандары басқа сала- лардың маманы. Басқа ешқандай əншіге ұсыныс айтып, өтініш жасамадым.

Рас, биыл мектепке өз бетінше жұмыс іздеп, жас мұғалімдер көп келді. Балалармен жұмыс істеу қабілеттерін, кəсіби шеберліктерін тексеріп, сөйлескеннен кейін, ойымнан шыққан ұстаздардың көңілін қалдырған жоқпын. Жастарды көптеп тартуымның тағы бір себебі бізде өз ісіне берілген мықты-мықты мамандар бар. Жастар олар зейнеткерлікке шығып кетпей тұр- ып, бойындағы ізгі қасиеттерді жинақтап, алып қалса екен дей- мін.

– Сізді арқа сүйеп, балаларын жетектеп келушілер болды ма?

– Мектепке директор болып тағайындалғаннан кейін, алғашқы өткізген мұғалімдер кеңесінде: «Сыбайластық деген атымен болмасын. Егер кімде-кім өз таныстарының балаларын тықпалап, мектепке алатын болса,  сол  мұғалім  жұмыстан, ал оқушы мектептен шығады» деп қатаң ескерткеннін. Биыл өзім жетім балалар мен əлеуметттік жағдайы төмен жəне көп балалы отбасылардың бүлдіршіндерін көбірек қабылдадым. Оларға мүмкіндігінше, қамқорлық жасауға тырысамын. Ертең солар алдымнан шығып, «кезінде бізді оқытып едіңіз» десе, соның өзі мен үшін үлкен мəртебе болмақ. Ал баласының та- ланты, дарыны болмаса, ешкімнің көңіліне, əке-көкесіне, атақ-даңқына, бет-жүзіне қарамаймын. Себебі өнер Құдайдан беріліп, туа бітетін қасиет. Оны ешқандай ақшаға да, дүниенің байлығына да сатып ала алмайсың. Ол бəрібір күндердің күні сүттің қаймағы сияқты бетіне шығып көрініп тұрады. Маған мəймөңкелеп,  ақшасын  тықпалағысы  келгендер  де  кездесті.

«Пара алған да, пара берген де күнə». Тамыр-таныстыққа көпе-көрнеу жол берілмесе екен деймін. Бір қызығы, кішкентай ғана креслоның үлкен маңызы, құдіреті бар екенін осында келгеннен кейін түсіндім. Тіпті кейбіреулердің көлгірсіп сөйлегенін, жағымпаздығын, өтірік мақтауын естігенде, өзімді-өзім жек көріп, жұмыстан кетіп қалғым келген кездер болды. Бір-екі рет оқталып барып, өз-өзіме тоқтам жасадым. Көлгірсуді жаным сүймейді. Айтқан адамды қайдам, тыңдап тұрған адамды жеккөрінішті күйге түсіреді. Жаным құлазып, түңіліп кетемін. Менің мінезім тік. Ұнай ма, ұнайды деп, ұнамаса, ұнамайды деп турасын айтамын. Осы қасиетіммен біреулерге жеккөрінішті болып та жүрмін. Дегенмен, осы мінезіме мектептегілер үйрене бастаған сияқты. Екі сөйлегенді де, екі сөйлеткенді де жақтырмаймын. Ең бастысы, тапсырылған іс орындалу керек, соны талап етемін. Үйде де солай.

– Қызметкерлеріңіздің отбасы жағдайынан, əлеуметтік тұрмысынан хабарыңыз бар ма? Жоқ, жұмысқа жеккенді ғана біліп, арғы жағына бас қатырмайсыз ба?

– Жоқ, мен мұғалімдерімнің қайсысы қайда, кіммен, қалай тұратынына дейін білемін. Көпшілігі үлкен кісілер болғандықтан, жағдайлары жаман емес. Үй-жайы бар. Арасында алыста тұратындықтан, кейде таңертең сабаққа кешігіп қалатындары да кездеседі. Оның бəрін түсінуге тырысамын. Жас- тар жағы пəтер жалдайды. Жалғызілікті, жалғызбасты қызметкерлерімнің де жай-күйімен таныспын. Əр мұғалімге «қиыншылықтарыңыз болса, жасырмай айтыңыздар. Қолымнан келгенінше, көмектесемін. Тіпті қаражат жағынан болса, қыс- ылмаңыздар, ұялмаңыздар, ауыртпалықтарыңызбен бөлісіңіз- дер, сұраңыздар» деп айтып отырамын. Жеке-жеке сөйлесуге тырысамын. Жағдай айтып келгендерге міндетті түрде көмек беремін. Бұйыртса, жаңа жылдан кейін кімнің үйі жоқ, соларды тізімге алып, əрқайсысының тұрғылықты жері бойынша, тұрғын үйдің кезегіне тұрғызуға əрекет жасап, басшылыққа хат жазып, қолдан келгенше тырыспақ ойым бар. Бұл туралы мұғалімдерге айтқан жоқпын. Өзімше тізімді жасап отырмын. Ертең кезектері келіп, өз баспаналарына қол жеткізген уақытта мүмкін білер, мүмкін білмес. Ол жағы маңызды емес. Ең бастысы, адамға жасаған жақсылығың Алладан  қайтады.  Кезінде  өзім қиындықты көп көргенмін. Жатақханада да, пəтерде де тұрдым. Қазір өз қолым өз аузыма жеткендегі кішкентай ғана мүм- кіндігім болса, аянып қалғым келмейді. Дүниені өзгерту ойымда жоқ, Алла көмектессін. Біз себепші болсақ болды, одан асқан бақыт жоқ. Қолымнан келсе, қиналған адамға жақсылық жасауға ұмтыламын. Елдің кемкетігіне қарайласқым келіп тұрады.

Маған жақын жора-жолдастарым келіп, «сенің танымайтын адамың жоқ қой. Халық алдында жүрсің. Кімге болса да сөзің өтеді. Осындай адамның алдына кіріп, мəселемді шешіп бер- ші. Қиналып тұрмыз» десе, алдыма жан салмаймын. Өз жұмыс- ымды жиып қойып, ел үшін жүгіріп кетемін. Ал өзім үшін бір- еуден бірдеңе сұрау, ақылыма сыймайтын дүние. Біреуге барып,

«маған бере тұршы, көмектесіп жіберші» деп өлсем де айта ал- маймын. Одан да біреу үшін сұраған əлдеқайда оңайырақ.

– Қарыз сұраған кездеріңіз көп болды ма? Қазір де сұрайсыз ба?

– Мен өмірде қарыз сұрағанды да жек көремін. Банктерден несие алу маған сұмдық қорқынышты көрінеді. Қарыз ақшаның қамыты өзімді қойып, бала-шағамның мойнына киіліп кет- етіндей үрейленемін. Менің директор ретінде алатын айлығым – 40 мың. Əйтеуір, өнер адамы болған соң, кейде Құдайдың бұй- ыртқан нəпақасын алмай тұрмаймыз. Концерт, беташарларға шақырып тұрады дегендей... Ал жоқ болса, қарызға ақша сұрау мен үшін ең күрделі мəселе. Біреуден қарыз алғанша, аз күнге аш жүрген жақсы. Сондықтан да Құдай оны басыма салмаса екен деп тілеймін. Шыны керек, мойныма жауапкершілік артылған соң, мектептің жетпей жатқан тұстарына өз ақшамды салып жіберген уақыттарым да болды. Өйткені мектептің ісі алға бас- қанын қалаймын. Жаңадан кластар жабдықтадық. Əлі күнге мектепке интернет жүйесі қосылмаған. Компьютерлік базаларды жаңартып, жаңа программалар орнаттық. Бұған бюджеттен қосымша ақша бөлінбейді. Ал балалардың тамағынан үнемдей алмаймын. Бір жағынан, демеуші азаматтарымыз да табылып жатады.

– Бір сөзіңізде «Мектепте нота қоятын пульт пен оқу- шылар отыратын дұрыс орындық жоқ» деп те айтып едіңіз...

– Аумалы-төкпелі уақыттары жетіспеген жағдайлар  бол- ған екен. Өзімізден сұраныс болмаса, əкімшіліктегілер келіп, ештеңеңді түгендеп бермейді ғой. Ондай сұраныс, өтінішті өзіміз жасауымыз керек. Қазір қажетімізді біртіндеп жоғары жаққа жеткізіп жатырмыз. Нота қоятын пультті де, орындықтарды да жаңаладық. Балалар интернатта жатады. Олар өздерін үйде жүргендей сезінуі керек. Сондықтан төсек-орындарын ауыстырдық. Ас ішетін бөлмедегі жиһаздардан бастап, ең аяғы қабырғаға ілінетін картиналарға дейін сатып алдық. Мұның сыртында ағымдағы жөндеу жұмыстары тағы бар. Өткенде жұмыс сапарымен Білім жəне ғылым вице-министрі Махметғали Сарыбеков келіп, ғимараттың іші-сыртын аралады. Ұжыммен кездесті. Елбасының Жолдауына байланысты пікір- лесіп, «Өте ескі мектепті қанағаттанарлық жағдайда ұстап отырсыздар» деп риза болып кетті. Көп нəрсе ақырын-ақырын өз орнына келе жатыр. Сондықтан бөлінген қаржы өз орнымен, өз мақсатында ұқсатылуда деп нық сеніммен айта аламын.

– Оқулық мəселесі қалай шешілген? Біздің білуімізше, музыкалық кітаптар Мəскеуде шығады ғой...

– Иə, музыка кітаптарын Ресейден аламыз. Қазақстан он- дай кітаптарды əзірге шығармайды. Оқулық мəселесі – өте күрделі мəселе. Биыл тендер арқылы тапсырыс беріп, 160-қа жуық оқулық əкелінді. Мұндай ноталы кітаптардың мектепке алынбағанына 20-25 жылдың көлемі болыпты. Əлі жеткілікті емес, алдағы уақытта оқушылар қажетін өтейміз деген ойдамыз. Қазақстан композиторларының кітаптарын да міндетті түрде пайдаланамыз. Күнделікті сабақ бермесем де, оқушылардың не оқып жатқанын қадағалап, кітаптарын қолыма алып оқып отырамын. Өзіңнің күлкің келетін қызық дүниелер көп кездеседі. Меніңше, мектеп оқулықтарын мектеп мұғалімдері жазса, ұтымды болар еді...

– Бұл мектеп кезінде аты шулы мектеп болды. Мұғалім- дер шəкірттерін жəбірлеген жағдайлар орын алды. Қазіргі хал-ахуал қалай?

– Қазіргі хал-ахуал көп жерден көш ілгері десем, артық айтқандық емес. Биылдың өзінде 250 үміткер бізге құжат тап- сырды. Бірақ алынатыны 30-40 бала ғана. Бір орынға бес адам- нан. Былтырғы жылы 190 бала өтініш білдірген. Осы мектепте оқығысы келетіндер саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Маған дейін мектепте анау-мынау жағдайлар болған шығар. Мен он- ың басы-қасында жүргенім жоқ. Бұл мектепте оқымадым. Бұрын жұмыс істемегенмін. Бірақ сондай əңгімелерді ара-тұра еститінмін. Оны бүкіл ел біледі. Дегенмен жамандықты қоп- сытып, қаза берсең, қозып кетуі мүмкін. Оттың шоғы сияқ- ты. Сондықтан біз ол жағдайларды ұмытқанбыз. Тек қана жақ- сылыққа қарай ұмтыламыз. Алдыңыздан кездескен кез келген баладан, ата-анадан, мұғалімнен жағдайларын сұрасаңыз, анығын айтып бере алады. Бұл мақтанғандық деп түсінбеңіз- дер. Мен осы мектеппен мақтанамын. Себебі мектептің ұж- ымының ауызбірлігі мықты. Бір-бірін жақсы түсінеді. Тек жұмыспен ғана бас ауыртады, басқамен істері жоқ. Біздің Пре- зидентіміз «Тыныштық болған жерде – өсу, өну болады» дейді. Тіршілігіміз – тыныштық. «Қой үстіне бозторғай ұялаған» кір- шіксіз тыныштық орнаған деп айта алмаймын. Бала болғаннан кейін баланың шалалығы болады. Балалықтарын жасап жата- ды, бірақ оның барлығы өз ішімізде шешімін табады. Елдi дүр- ліктіретіндей емес... Менің ең бірінші талап ететінім – тəртіп, екінші – білім. Əркім өзінің жұмысын істеуi керек. Жұмысында тиянақтылық болмаған жерде береке кетеді. Ісің алға баспайды. Өнбейді. Тау əкеліп, үйіп тастасаң да көрінбейді...

– Аулаға кіріп келгенде Ахмет Жұбановтың мүсіні көзі- мізге оттай басылады. Қазақ халқының мəдениетін əлемге танытқан тұлғаның Алматыдағы жалғыз ескерткішi көрі- неді. Тас тұғыр орнату идеясы қалай туды?

– Осы мектепке басшылыққа келгенде елдің маған сын көз- бен қарағаны жасырын емес. Сырттағы жұртты қойып, мек- теп ішінде де «Бұрын домбырасын қолына көтеріп алып, əлау- лəйлім-халəулəйлім деп, қайда той бар, қайда ой бар, қайда кеш бар деп жүрген адам ұжым басқара ала ма? Өзі жас. Əрі кетсе, бес-алты айға шыдар» деген сияқты күмəнмен қарағандар таб- ылды. Əрине, маған да оңай болған жоқ. Үш жүзге тарта қыз- меткер, бес жүзге жуық бала бар. Ең əуелі мектептің есеп беру концертін «Қазақконцерт» залында өткіздік. Халық аспаптар ор- кестрі, симфониялық, үрлемелі аспаптар, камералық оркестр, «Ақжелең» ансамблі, скрипкашылар, виолончелистер, қобыз- шылар, домбырашылар ансамблі, мектептің біріккен хоры ұж- ым-ұжым болып, өнер көрсеткенде таңғалмаған адам қалмады. Ең соңынан бүкіл балалар сахнаға шыққан кезде  қазақтың өсіп келе жатқан талантты ұл-қыздарына қарап, көзіме жас келді. Мектеп үшін қатты қуандым. Өзің жұмыс істеп отырған жерің үшін қуанып, қайғыра білмесең, ол ортадан сый табам, құрмет көрем деп  ойлау  əбестік.  Концертті  өткізгеннен кейін əріптестерімнің бірте-бірте сенімі пайда бола бастады. Мектептің ашылғанына 45 жыл толуына орай, тағы бір жа- ңалық жасайын деп ойладым. Сөйтіп, меценат Болат Əбішұлы Назарбаевқа барып, Жұбановтың бюстін орнатуға демеу сұра- дым. Ол кісі ешқандай сөзге келместен, қолма-қол ақша берді. Бір жарым айдың ішінде ескерткіштің тұсауын кестік. Ахмет Жұбановқа арнап жеті жүз адамға ас бердік. Осыдан кейін мектептің сенімі одан  да  күшейді.  Мұндай  сенімге ие болғанымыз – күн санап қалыптасқан ауызбіршілік пен ынтымақтың арқасы деп білемін.

– Сізді «күнде интернат асханасына кіріп, балалармен сөйлеседі екен» деп естідік. «Тамақ дəмді ме, қарындарың тоқ па?» деп сұрайтын көрінесіз. Бұл сіздің, аспаздарды тексергеніңіз бе, жоқ, шын мəнінде, балаларды жақсы көресіз бе?

– Өте балажанмын. Үш балам бар. Бір құрсақтан тараған, ағайынды бесеу едік, екі ағам өмірден өтті. Қайтыс болған бауырларымның балалары қолымда. Өзім тəрбиелеп жатыр- мын. Сонымен, қолымда 7-8 бала бар. Солардың шулап, шұрқы- рағанына, құлыншақтайсекіріпойнағанынаүйреніпқалғанмын. Кейде сенбі-жексенбіде, демалыста ауылға кетіп қалса, өзімді қоярға жер таппаймын. Үйге сыймай кетемін. Мектептегі оқу- шыларымды да өз балаларымнан кем көрмеймін. Мен олар- ға əрдайым «ең мықты, ең талантты, ең əдемі балалар – біздің мектепте. Қазақтың ұл-қызы ешкімнен кем болмауы керек» деп қанаттандырып отырамын. Талай ел араладым, шын мəнінде, қазақтың қыздарындай сұлу, жігіттеріндей келісті жігіт көрген жоқпын. Біздің қай қызымызды алсаңыз да, шетінен ару, ұлдарымыздың барлығы – жігіттің сұлтаны. Əр əңгімемде осыны айтып, шəкірттерімді əрдайым шабыттандырып, ынта- ландырып, жүректерінде патриоттық сезімдерін оятып, сөйле- суге тырысамын. «Мен сендердің бəріңді де жақсы көремін» деп айтудан жалыққан емеспін. Олар да маған солай жауап қайтарады. Биылғы оқу жылы басталғалы 4 ай ішінде респуб- ликалық, халықаралық байқаулардан 150 лауреат шығардық. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Төрт айдың емес, төрт жылдың ішінде атқарылатын жұмыс. Біз ең бастысы, бірлесе отырып, осыған қол жеткізе алдық. 

– Өзіңіз өзгеріп кетпедіңіз бе?

– Мені қызмет, байлық, дүниенің буы, мансапқорлық, шен- шекпен еш уақытта өзгерте алмайды. Жəнібек Кəрменов ағамыз айтпақшы, «Адам боп келдім өмірге, адам боп өту тілегім». Қызмет, байлық сенімен өмір бойы жолдас болмайды. Бұл дүниеден о дүниеге ештеңе арқалап кетпейсің. Ертең барлығы қалады. Мұхаммед Пайғамбарымыздың хадистерінде «Кім бұл пəниде Алладан қатты қорықса, о дүниеде соншалықты нұрланады» делінген. Мен Құдайдан қатты қорқатын адаммын. Бес уақыт намазымды оқимын. Таңертең жұмысқа келгенде, ең бірінші компьютерімдегі Құран сүрелерін қосып қоямын. Қанша сағат жұмыста болсам, сонша сағат тыңдап отырамын. Аз ғана қызметке малданып, абыройды ұмыта алмаймын. Бүгін жасаған жаманшылығым ертең бала-шағамның алдынан шыға ма, ұрпағыма кесірі тие ме деп қорқамын. «Əкенің малы балаға дүние болмайды» дегендей, ақылды ұрпақ өз малын табар, ақымақ ұрпаққа тығып кеткен қазынаң болса да жұғын болмайды. Сондықтан балаларыма мал емес, тəрбие, иман қалдырсам деймін. Ерте ме, кеш пе, бəріміз де фəниден бақиға ауысамыз. Күндердің күні сол сəт жеткен кезде адал, таза, ақ өліммен өлгім келеді. Бүкіл ел болмаса да, ең болмаса бір-екі адам ертең артымнан «адал еді, жақсы еді, момын еді» десе екен деп армандаймын.

– Үйіңіз бар ма?

– Мен жұмбақ адаммын. Жаратылысымнан тұйықпын. Менің мінезімді əйелім де түсініп болған жоқ. Ішкі сырымды, жаныма батқан қиындығымды біреуге айта бермеймін. Не бол- са да ішімде сақтап, бəрін өзім шешуге тырысамын. 2009 жылға дейін үйсіз жүргенімді біреу білсе, біреу білген жоқ. Ұзақ жыл Саин мен Төле би көшесінің қиылысындағы жатақханада, Татаркада, Талғар жолының бойында пəтер жалдап тұрдық. Шиеттей бала-шағамен қайда көшпедік?! Жора-жолдастарым:

«Лауазымы жоғары адамдардың алдында əн салып жүрсің. Ара- тұра Президентпен де кездесіп қаласың. Тағы бір жол түскен уақытыңда «Аға, үйім жоқ еді» деп неге жағдай айтпайсың? Бір ауыз сөзбен шешетін адамсың, сен сұрасаң береді ғой» деп жиі қайрайтын. Мен оларды «Елбасының алдына жағдай айтуға бармаймын. Өнер көрсетуге барамын» деп тыйып тастайтынмын. Елбасы домбырамен айтатын қазақтың əн- жыр, термелерін өте жақсы көріп тыңдайды. Бірақ бірде-бір рет таныстығымды жеке басыма пайдаланған емеспін. Құдайға шүкір, өнердің арқасында талай лауазымды, атақ-дəрежелі азаматтармен танысып, араласып келемін. Айналамда тұлғалы азаматтар көп. Бірақ ешқашан ешқайсысынан қызмет, не болмаса, көлік, үй сұраған жоқпын.

Бірде Мəлік деген ағам «Қарасай ауданының əкімінде бір шаруам болып тұр. Соны шешуге көмектесші» деді. Мен жарайды деп барып, бір үй емес, бірнеше үй салуға болатын жердің мəселесін шешіп бердім. Кейін бір əңгіме арасында қайда тұратынымды сұрады. Шынымды айтқан кезде, «осы уақытқа дейін сенің үйің жоқ па?» деп шалқасынан құлай жаздады. Растығына көзі жеткен соң, «қой, сен маған үлкен жақсылық жасадың ғой. Бұлай болмайды. Мен саған бір үй сыйлайын» деп қаланың сыртынан, Іргелі деген ауылдан үй тарту етті. Əйелімнің үшінші ұлымызға аяғы ауыр болатын. Бала-шағамызбен Іргеліге көштік. Бар дүниеміз екі жеңіл машинаға сыйып кетті. Сондағы қуанышымды көрсеңіз ғой! Сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Биыл əйтеуір Елбасының арқасында ұзақ жыл армандаған баспанаға қол жеткіздік.

– 40 мың жалақымен оншақты адамды бағу қиын емес пе?

– Кезінде əпкеме бір-екі дүкен ашуға көмектескенмін. Кө- мектескенім болмаса, саудаға икемім жоқ. Бір тиынға екі тиын- ды қосып, құрастыруды білмеймін. Ол жағынан əпкем пысық. Сол екі дүкеннің табысы балалардың ішім-жемі мен киім-кеше- гіне, ас-ауқатымызға жарап тұр.

Арасында өзім де нəпақасыз емеспін. Үйдегі балапандар еш- теңеден тарықпаса екен, ел қатарына қосылған екі бірдей құл- ынынан айырылып қалған шешем баршылықта өмір сүрсе, ешкімнен кем болмаса, көңіліне қаяу түспесе деп ойлаймын.

– Шығармашылық, қоғамдық жұмыстарыңызды да ұм- ытпаған боларсыз...

– Президентіміз Нұрсұлтан Əбішұлының тапсырмасымен, Мəдениет жəне ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің қолға алуымен «Мəдени мұра» бағдарламасы аясында «Қазақ- тың дəстүрлі 1000 əні» «Қазақтың дəстүрлі 1000 күйі» атты анто- логия жарық көрмек. Шығарушы топ құрамында мен де бармын. Қазіржұрткөзінентасақалып,жоғалып-өшіпкетудіңаз-ақалдында тұрған мұрағаттарды жинастыру үстіндеміз. 2008 жылы «Жетісу ақындарының жыр-сарындары» деген кітап шығарып, Жамбыл, Сүйінбай, Қабан жырау, Пішəн, Сəдіқожа, Бармақ, Шалтабай, Қырбай, Үмбетəлі, Əсімхан сияқты осы өңірден шыққан атақты өнер тұлғаларының əн-жыр мұрасын нотаға түсірттім. Сондай-ақ,

«Жəдігер» жобасы бойынша «Қыз Жібек», «Ер Тарғын» жырлар- ын жəне «Қазақтың ұлт-азаттық жырларының» СД дискісін шы- ғаруға жұмыс жасап жатырмыз. Бұдан бөлек, өзімнің екі дискім жарық көрмек. Алла нəсіп етсе, кандидаттық диссертациямды да қорғау ойымда бар.

– Ел алдындағы еңбегіңіздің бағаланғанын іштей болса да қалайсыз ба?

– Баяғыда «Дарын» сыйлығын берген уақытта, менің аты- жөнім жоғарыдағы өнерімді сүйетін бір ағаларымыздың көзі- не кездейсоқ түсіп қалып, «Ақан алу керек» дегеннен кейін бар- ып, маған бұйырған екен. Оны мен кейіннен білдім. Менің түсін- генім, қазіргі қоғамда ешкім сенің осы уақытқа дейін істеген жұмысыңды сарапқа салып, өткенге көз жіберіп отырмайды. Атқарған тірлігіңді, алған атақ-дəрежеңмен, үстіңдегі киім- іңмен, қалтаңдағы ақшаңмен, астыңдағы көлігіңмен өлшейді. Қанша жыл жұмыс істесең де, атағың жоқ болса, онда сен ешкім емессің. Бұл арыңа тиетін, намысыңды келтіретін дүние. Бұрын мұндайға мəн бермеуші едім. «Халық бағаласа, жетеді» деп жүре беретінмін. Сөйтсем, «атағың жоқ» деген сөз, «сенің талантың жоқ» дегенмен бірдей екен...

– Өмірлік ұстанымыңыз қандай?

– Адам боп тудым, сол қалыптан айырылып қалмау. Марқұм Хамза қажы атам:

– Жақсы менен жаманның арасын біл, Асыл менен жасықтың бағасын біл.

Жарлыға қарасып жүр, Жақсымен жанасып жүр...

Ай ортақ, күн ортақ, жақсы ортақ. Сен де елге ортақ болуға тырыс, – дейтін еді. Тағы бір əңгімесінде, 136 жас жасаған Құртқа тəуіптің «Адамның бүкіл денесіне қан тарайды. Қанды айналдыратын бауыр. Бауырың дұрыс болса, жүрегің де, миың да дұрыс жұмыс жасайды» деген сөзін мысал қылып айтып отыра- тын. Қазақ бауырды да, туысқанды да «бауыр» деп бауырына басады. Ендеше, бауырымыз бүтін, жүрегімізде иман болса екен!

Қаншайым Байдәулет, «Тəуелсіздік тудырған таланттар», 2009 жыл.

Бөлісу: