Жәрдемақыны онлайн рәсімдеуге болады

22 Қыркүйек 2022, 08:58 1131

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова «Бетпе-бет» бағдарламыснда мәлімдеді. 

Қыркүйек айында еліміздің 20 мыңнан астам азаматы жәрдемақы алу туралы хабарламаны электронды түрде алды, деп хабарлайды EL.KZ.

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова «Бетпе-бет» бағдарламыснда мәлімдеді. 

Оның айтуынша, бұл бастама пилоттық негізде жүзеге асуда. Қазірдің өзінде 9 мың азаматтың құжаттары рәсімделіп жатыр. Болашақта мұндай төлемдерді алу үшін мемлекеттік органдарға барудың қажет болмайды. Яғни бұл қызметтер проактивті түрде көрсетілмек. 

Азаматтарға цифрлық технологиялар қолдана отырып, әр мекемеге бармастан мемлекеттік органдардағы бар ақпараттық жүйелерге сәйкес кепілдендірілген көмекті беру мәселесін бастап кеттік. Отбасылық карта дегеніміз осы - дейді Тамара Дүйсенова.

EL.KZ
Бөлісу: