Жәпек батыр

28 Шілде 2014, 09:17

Жәпек Абылаймен тұстас, өзіне аса жақын тұтқан сенімді серігі әрі қол бастаған батыры болған.

Шоқан өзінің «Исторические предания о батырах ХVIII в.» деген еңбегінде: «Калмыки, посланные для сего,  настигли его врасплох на охоте, схватили с несколькими биями, с знаменитым батыром Худайберды атыгаевского рода Джапоком, и привели к Галдану», – деп жазған (Ч.Ч. Валиханов. Том І. – С. 217).

«Балталы, екпінді оттан Оразымбет,

Сырғалы шапшаң оқтан ер Елшібек.

Өзіне тірі жанды тең көрмейтін

Тәкаппар Қошқарұлы ер Жәнібек

Қалданға ханмен бірге тұтқын болған.

Жолдасы Абылайдың – батыр Жәпек.

Сырттаны – Бәсентиін ер Сырымбет.

Осындай өңшең көкжал жиылыста

Күңіреніп жолбарыстай «жау қайда?» деп. Шоқанның Джапек, Мағжанның Жәбек деп айтып отырғандары бір адам – Атығай руының Құдайберді тармағынан шыққан атақты Жәпек батыр. Жәпек батырдың ұлы Сарықазақ бес жасында қалмақтарға кепілдікке берілген, атқан оғы зая кетпейтін мерген болған. Жауқай айтқан сөзі алдынан шыққан көріпкел бақсы болған. Абылай Сарықазақты кепілдікке берген. Ол қалмақтың ұлы  жоқ бір адамына берілген. Құткелді  Сарықазақ атанған.  Есейіп ержеткенде атқан оғы жерде қалмайтын мерген болып, көптің көзіне түскен. Қоңтайшы өзімен бірге аңға алып жүреді екен. Содан қызғаныш туады, одан құтылудың амалын іздестіреді. Соны сезген қалмақ әке Сарықазаққа өзінің қызын қосып. бір түнде еліне аттандырып жібереді. Ол еліне аман оралады. Жеті әйел алған сүйегі Қожа Ахмет кесенесінде дейді.

Жәпек Абылаймен тұстас, өзіне аса жақын тұтқан сенімді серігі әрі қол бастаған батыры болған. Талай рет тебінгісін қанға малған ұрыстарда қол бастаған Жәпек жайлы арнайы зерттеу жоқ. Бар болғаны көптеген саңлақ ерлермен бірге есімі құрметпен аталады. Алайда Жәпектің ел қорғаған ірі тұлға болғаны даусыз. Оған оның туған ұлы Сарықазақтың кепілдікке берілуінің өзі­ақ біраз жайды аңдатады. Қазақ үшін қадірі биік батырдың баласын кепілдікке беру арқылы Абылай қалмақ жағын сенімді келісімге келуге шақырғандығы да даусыз. Сондай­ақ атақты Малайсары батырдың туған қарындасы Кежекті Жәпекке беруінде де үлкен мән бар.

2000 жылдың күзінде (қазан айында) Жәпек батырға ескерткіш орнатылды. Батырдың кіндік қаны тамған Жарағаш (Казанка) ауылында өткен митингіні ашқан жергілікті шаруа қожалығының жетекшісі Кәдірбай Мәжитұлы батырдың өмір жолын баяндап берді. Аудан әкімі Армия Әбіл­ қайыров лентаны қиып, ескерткішті ашты. Одан кейін аудан мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы хатым оқып, Құран бағыштады. Салтанатқа қатысушылар Кириловка селосында мерекелік концертті тамашалады. Соңында Жәпек батырға арналған ас берілді.

«Есімдері ел есінде», құрастырған Абай Тасболатов

Бөлісу: