Жұмыстан соң тынығып алу...

29 Шілде 2014, 12:03

Жұмыс істейтін адам жақсы демала білу керек. Адам ағзасы жұмыстан кейін демалуды қажет етеді.

Жұмыс істейтін адам жақсы демала білу керек. Адам ағзасы жұмыстан кейін демалуды қажет етеді. Алайда қазіргі уақытта адамдардың көбі демалысты дұрыс ұйымдастыра алмай жатады. Ол ағзаның шаршауына алып келеді, сонымен қатар денсаулыққа үлкен соққы болады.  

Демалудың үйде болуы шарт емес. Жұмысты ұйымдастырудың бір бөлшегі болып кеткен демалу үрдісі, жұмыс барысында да тынығудың техникасын ұсынады. Ең алдымен жұмыс барысы ырғақты болуы шарт. Әдетте демалыс ретсіз болады. Демалғымыз келгенде демала салып, және керісінше, жұмыс көбейіп кеткенде демалыстан қол үземіз. Бұндай демалыстың бірнеше кемшілік тұстары бар. Адам биологиялық ағза болғандықтан біз белгілі бір ырғаққа үйренеміз. Сол себепті ең бірінші кеңес – ырғақтылық. Белгілі уақыт сайын жоспарланған қысқа мерзімді демалысқа шығып отырыңыз. Әдетте ол 5 минутқа тең. Келесі бір кеңес, максималды басқа шаруамен айналысу. Егер де жұмыста күні бойы отыратын болсаңыз, онда тұрып жаттығу істеген дұрыс. Демалыс барысында негізгі жұмысқа ұқсамайтын әрекеттер істеу керек. 5 минуттық демалыс кезінде әрекет түрін тезірек ауыстырсаңыз, демалыс уақыты тиімдірек өтеді.

Сәттіліктің кілті дұрыс ұйықтауда. Кез келген тірі ағза шаршайды, ал шаршауды басатын ең тиімді табиғи механизм ұйқы. Сол себепті жұмысты жақсы атқару үшін ұйқыны тиімді ұйымдастыра білу керек. Ең алдымен өзіңді ұйқыға кету және тұру уақытын реттеу керек. Сонда ағза бір жүйеге үйреніп, ұйқы кезінде толық демалып шыға аласыз. Өзіңізді зерттеуден жалықпаңыз. Әр адамның ұйықтау ырғағы әртүрлі. Демалудың фазалары болады. Қысқа және ұзақ ұйқы кезеңдері. Ұзақ фазада адамның миы терең ұйқыға кетеді. Қысқа фаза кезінде ояну жеңіл келеді. Осы жағдайларды ескере отырып ұйқы режимін жасау керек. Ұйқы тек үйде және түнде ғана емес, жұмыстағы үзіліс уақытын қамтуы мүмкін. Бұл жұмыс уақытысында ұйықтау керек дегенді білдірмейді. Бірақ түскі үзіліс уақытысында 5-10 минут мызғып алса болады. Осындай қысқа мерзімді миды «қайта жүктеу» жұмыс өнімділігіне өте жақсы әсер етеді.

Жұмыс үрдісіндегі орта мерзімді демалыстар (отпуск) адамдарды бір жылға қажетті қуатпен жинақтап, оларға күш-қуат береді. Өзіңіздің заңды демалысыңызды тиімді пайдалану барысында тек қана демалып емес, сонымен қатар мотивация мен шығармашылық энергия жинақтауға мүмкіншілік туады. Әдетте демалыс ешқандай әрекет істемей демалу деп түсінеді. Алайда демалыс деген – бір әрекетті екінші бір әрекетпен алмастыру. Сонда жұмыстан тыс, бірақ тұлғалық дамуға алып келетін істермен айналысқан абзал. Жаңа тіл үйрену, тұлғалық қабілеттерді дамыту, саяхаттау және т.б. Осының барлығы тек физикалық емес, рухани демалуға септігін тигізеді. 

Бөлісу: