6 Тамыз 2014, 03:44
1. Парето заңы, немесе 20/80 қағидасы
Жалпы айтылғанда 20% талпыныс 80% нәтижені береді, және керісінше. 20/80 заңы өмірдің барлық қырларында көрініс табады. Мысалы, осы заң бойынша қылмыскерлердің 20%-ы барлық қылмыстың 80%-ын істейді. Парето заңын дұрыс пайдалана білсе, кәсіби ғана емес, жеке өмірде де пайдасы тиеді. Қарапайым айтатын болсақ, ойлап көріңіз, араласатын достарңыз көп. Бірақ Парето заңы бойынша шынайы көмектесетіні тек 20%-ы ғана. Осы жағдайды біле отырып, қиналғанда көмекке келетін адамдармен сөйлесуді арттыруға болады. Керісінше басқа сұхбаттасуларға кететін уақытты қысқартуға болар еді.
2. Үш маңызды мақсат
Жұмысқа келер алдында жұмыс барысында істеу керек маңызды үш мақсатты жазып, соны істеу үшін барлық күшті салу керек. Бүкіл істелу керек тізімнен гөрі, қысқа тізімді орындау оңайырақ. Бұл өз кезегінде күшті жан-жаққа шашырап кетуден сақтайды. Ұзақ тізімдерді жасау өзімізді алдау емес пе? Демалысқа дейін оның бәрін істеп үлгермейміз. Басты үш мақсатты ерте бітірсеңіз, басқа шаруаларды да шешуге көшуге болады.
3. «Аз істеу» философиясы
Қазіргі уақытта ең танымал философия. Мысалы, Марк Лессер «Аз істеп, көпке қол жеткізу» кітабын жазып шығарған. Аз мақсаттарды істеген кезде адамдар алынған нәтижеден ляззат алады. Оның салдары ретінде адамның тыныс алуы ретке келтіреді. Бұл дегеніміз, алдағы қойылған мақсатты тиімді шешуге мүмкіндік береді. Бірақ басымдылықтарды қоюды ұмытпаған абзал. Көп затты мақсат қойып орындамағаннан гөрі, азды істеп мақсатқа сатылап жеткен дұрыс. Маңызды жұмыстардан маңыздылығы төмен жұмыстарға көшіп отыру керек.
4. Ақпараттық диета
Қазіргі заманда миды ақпаратмен шамадан тыс толтыру, Сахарада бастан күн өткізіп алу секілді жеңіл. Сипаттары да ұқсас: ұйқының бұзылуы, назардың шашырауы мен реакция жылдамдығының төмендеуі. Біздің миымыз ақпараттық шумен асыра жүктелген. Енді ойланып көріңіз: сіз оқитын барлық хаттар, блог, газет және журналдар шынымен маңызды ма? Әлеуметтік желі мен теледидарға сонша көп уақыт жұмсау қажет пе? Өзіңізге керекті емес ақпаратты алуды шектеу керек. Тым көп ақпараттың болуы мидың жұмысына кері әсер етеді. Бүгіннен бастап, ақпараттық диетаға отыру керек.