Жұма күнгі күн райы болжамы

8 Шілде 2022, 08:43 1789

8 шілдеде оңтүстік циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер ҚР территориясының басым бөлігіне ықпал етеді.

«Қазгидромет» РМК-сы шілденің 8-і күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz.

Ондағы деректерге қарағанда, 8 шілдеде оңтүстік циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер ҚР территориясының басым бөлігіне ықпал етеді. Соның салдарынан елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, орталықта, күндіз солтүстікте нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ жауып, жел күшейеді, дауыл тұрады, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында, күндіз Ақмола облысының оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде нөсер жауын жауады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Абай облыстарының батысында, орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді аудандарында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Бөлісу: